freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте Республика күніне орай эстрада жұлдыздары өнер көрсетті

MALIMet •
Шымкентте Республика күніне орай эстрада жұлдыздары өнер көрсетті

Бүгін ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік концерт "Астана" алаңында қайта жалғасты. Концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына әсем әндерін тарту етіп, мерекені сезіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, сахна төрінде Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Мәдина Сәдуақасова, Дастан Оразбеков және тағы басқа танымал әншілер өнер көрсетті.
Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған ауқымды мәдени іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің, ұлттық мерекенің маңызын насихаттауды мақсат еткен.

Республика күні өткенді бағамдап қана қоймай, ел болашағына жауапкершілікпен қарап, жаңару мен жасампаздыққа ұмтылуға үндейтін маңызды мереке. Биыл бұл мереке Қазақстанның жаңа тарихи белесі – Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы мереке Шымкент қаласында кең ауқымда аталып өтті.
Осылайша екі күнге жалғасқан мерекелік кештің соңы жарқын отшашумен қорытындыланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу