freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Көп адамның бетпердесі шешіледі": "Лашын Құс" 2027 жылға болжам айтты

Шоу-бизнес •
"Көп адамның бетпердесі шешіледі": "Лашын Құс" 2027 жылға болжам айтты
Ақгүл Әсетқызы | Фото: Janar Baisemiz YouTube арнасы| ЖИ арқылы өңделген

"Лашын Құс" лақап атымен танылған, өзін көріпкел ретінде таныстыратын Ақгүл Әсетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында 2027 жылға қатысты болжамын бөлісті. Ол елге танымал кейбір адамдардың жасырын әрекеттері әшкере болады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сұхбат барысында Ақгүл Әсетқызы дуа жасайтындар мен жасататындарға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, 2027 жылы өзгеге жамандық жасаған адамдар соның қайтарымын көреді.

"2027 жылы дуа жасаушы болсын, дуа жасатушылар болсын, нағыз қарымтасы, қайтарымы қайтатын кез келе жатыр. Сол үшін абай болыңыздар. Неге? Себебі карма қайтатын кез", – деді ол.

Ақгүл Қазақстанда көпшілік сеніміне ие болған танымал адамның дуаға қатысы бар екені анықталады деген болжам айтты. Алайда ол кім туралы айтып отырғанын ашып айтпады.

Жанар Байсеміз сұхбаттасынан: "Ол кісінің билікке қатысы бар ма?" – деп сұрады.

"Барлық нәрсеге қатысы бар", – деп жауап берді Ақгүл.

Ол сотқа қатысты мәселені алға тартып, әлгі адамның кім екенін тіпті тұспалдап айтудан да бас тартты. Сұхбаттың бұл бөлігінде аталған болжамды растайтын нақты дерек келтірілмеді.

Ақгүлдің айтуынша, алдағы жылы өзін халыққа жанашыр ретінде көрсетіп жүрген бірқатар адамның жасырын қырлары ашылады.

"Бірақ 2027 жылы "Біз елге көмектесеміз", "Халқым менің", "Ел үшін" деп жүрген көп адамның бетпердесі сыпырылып шешіледі", – деді ол.

Сондай-ақ сұхбат қонағы ел алдында жүрген адамдардың арасында жеке көріпкелдің қызметіне жүгінетіндер бар екенін мәлімдеді.

"Білесіз бе, сіз таңғаласыз қазір. Қазір көп ел алдында жылтырап жүрген адамдардың әрқайсысында жеке көріпкелі, жеке энергия тартушы, энергия жаратушы адамдары бар", – деді Ақгүл Әсетқызы.

Бұл айтылғандар – сұхбат қонағының жеке пайымы мен болжамы.

Еске салайық, бұған дейін Malim.kz-те Ақгүл Әсетқызының Каспийде қаза тапқан сарбаздар туралы айтқан сөзіне қатысты материал жарияланған еді⁠. Сол сұхбатта ол қайғылы оқиға туралы алдын ала болжам жасағанын және марқұмдармен тылсым байланыс болғанын мәлімдеген. Бұл сөздер де оның жеке мәлімдемесі ретінде берілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу