Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды

Саясат •
Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды "Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы" деп жариялауды ұсынды. Мемлекет басшысы елдің барлық өңірінде әлеуметтік және азаматтық инфрақұрылым нысандарын салу мен жөндеу жұмыстарын кең көлемде жүргізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Президент 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, келесі жылы еліміздің барлық облыс орталықтарында, аудандарында және елді мекендерінде құрылыс пен инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына басымдық берілуі тиіс.

"Сондықтан мен келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын.

Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек.

Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет.

Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді.

Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу