Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жаңа әуежай салынады: Құрылыс 2027 жылы басталады

Қоғам •
Астанада жаңа әуежай салынады: Құрылыс 2027 жылы басталады
Астана әуежайы. Фото: instagram.com/nqz_airport 0 0

Қазақстан астанасында тағы бір әуежай салу жоспарланып отыр. Жаңа нысанның құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы 28 қазандағы Жолдауында еліміздің көлік және логистика саласын дамыту мәселесіне тоқталып, әуе қатынасының инфрақұрылымын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Ал келесі жылы елордада жаңа әуежай салу жұмыстары басталмақ.

"Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.

Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.

Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз", – деді президент.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу