freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қалай болғанын түсінбедім": 23 жастағы қазақстандық IELTS-тен ең жоғары балл жинады

Білім-ғылым •
"Қалай болғанын түсінбедім": 23 жастағы қазақстандық IELTS-тен ең жоғары балл жинады
Фото: видеодан скриншот/ ЖИ арқылы өңделген

Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Томирис Қасымова ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 балл жинады. Бойжеткен сертификатындағы нәтижені көргенде қатты таңғалғанын айтып, қуанышымен бөлісті,  деп хабарлайды Malim.kz.

Томирис халықаралық емтиханның төрт бөлімінің үшеуінен ең жоғары нәтиже көрсеткен. Атап айтқанда, тыңдалым (Listening), оқылым (Reading) және сөйлеу (Speaking) бөлімдерінен 9.0 балл, ал жазылым (Writing) бойынша 8.0 балл алған. Нәтижесінде оның жалпы қорытынды бағасы 9.0 балл болды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода бойжеткен өзінің жетістігі туралы айтып, мұндай жоғары нәтиже күтпегенін жасырмады.

"Сәлем, достар! Менің есімім – Томирис Қасымова. Бүгін IELTS емтиханынан 9.0 балл алдым. IELTS – ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын халықаралық емтихан. Қазір бұл сертификат көптеген университетке түсу үшін қажет. Қазақстандағы университеттер де IELTS нәтижесін сұрайды. Сертификатымды көрген кезде Overall 9.0 деп жазылып тұрды. Мен қатты таңғалдым. Тіпті мұндай нәтиже қалай болғанын бірден түсіне алмадым", – деді Томирис.

Бойжеткен видеода IELTS сертификатының жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі маңызына да тоқталған. Оның айтуынша, бүгінде ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық құжаттың қажеттілігі артып келеді.

Дегенмен IELTS Қазақстандағы барлық университетке түсу үшін міндетті емес. Сертификат кейбір жоғары оқу орындарының жекелеген бағдарламаларына қабылдау кезінде талап етіледі. Сондай-ақ оның нәтижесі белгіленген талаптарға сәйкес ҰБТ-дағы ағылшын тілі пәнінің балдарына ауыстырылуы мүмкін.

IELTS дегеніміз не?

IELTS (International English Language Testing System) – ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалайтын халықаралық емтихан. Ол шетелде білім алуды, жұмыс істеуді немесе ағылшын тілі қолданылатын мемлекеттерге көшуді жоспарлаған азаматтарға қажет болуы мүмкін.

Емтихан төрт негізгі бөлімнен тұрады:

Listening – ағылшын тіліндегі ақпаратты тыңдап түсіну;

Reading – мәтінді оқып, мазмұнын түсіну;

Writing – ағылшын тілінде сауатты жазу;

Speaking – ағылшын тілінде еркін сөйлеу.

Әр бөлім 0-ден 9-ға дейінгі шкаламен бағаланады. Төрт бөлімнің орташа нәтижесі жалпы қорытынды балды анықтайды.

IELTS ұйымының ресми мәліметіне⁠ сәйкес, 9.0 балл – емтиханның ең жоғары көрсеткіші. Мұндай баға ағылшын тілін өте жоғары деңгейде меңгерген үміткерлерге беріледі.

Томиристің үш бөлімнен 9.0, бір бөлімнен 8.0 балл алғанын ескерсек, оның орташа нәтижесі 8.75 болған. IELTS ережесі бойынша бұл көрсеткіш 9.0 балға дейін дөңгелектенеді.

IELTS нәтижелері халықаралық деңгейде кеңінен мойындалады. Дегенмен емтихан тапсыру әрбір шетелдік университетке қабылданудың міндетті шарты емес. Оқу орындары талапкерлерге өздерінің тілдік талаптарын белгілейді.

Tilu мектебінің негізін қалаушы Әсел Амангелді кім?

Tilu онлайн мектебінің негізін қалаушы – қазақстандық кәсіпкер Әсел Амангелді.

Ол ағылшын тілін оқыту саласында жұмыс істейді және білім беру жобаларын дамытуға атсалысып келеді.

Әсел Амангелді Tilu мектебін құрып, ағылшын тілін онлайн форматта үйретуге бағытталған білім беру жүйесін дамытуға кіріскен.

2026 жылғы қаңтарда Jibek Joly радиосына берген сұхбатында ол АҚШ-тағы өмірі, Гарвард университетіндегі академиялық қызметі және онлайн мектеп ашу тәжірибесі туралы әңгімелеген.

Сұхбатта Әсел Амангелді Гарвард университеті профессорының академиялық ассистенті ретінде таныстырылған.

Ал Томирис Қасымованың IELTS емтиханынан 9.0 балл жинауы – ағылшын тілін меңгеру жолындағы елеулі жетістік. Оның нәтижесі халықаралық тілдік емтиханда ең жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болатынын көрсетіп отыр.

 Әсел Амангелді туралы 2026 жылғы сәуірде жарияланған WeProject сұхбатында⁠ оның Арыс қаласынан шыққаны, Назарбаев Университетінде математика оқығаны, Гарвардта білім беру саласы бойынша магистратура тәмамдағаны және АҚШ-та Predictive Assessments компаниясының тең құрылтайшысы болғаны айтылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу