Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Енді суға жоламас деп ойладым": Дина Төлепберген ұлының бір жыл бұрынғы оқиғасын еске алды

Шоу-бизнес •
"Енді суға жоламас деп ойладым": Дина Төлепберген ұлының бір жыл бұрынғы оқиғасын еске алды
Фото-коллаж: malim.kz / ЖИ арқылы өңделген

Тележүргізуші Дина Төлепберген ұлы Мирастың жүзуден үш алтын медаль алғанын айтты. Осыдан бір жыл бұрын бала алғашқы жарысына үш күн қалғанда велосипедтен құлап, қолын қатты сындырып алған. Журналист ұлының бассейнге қалай оралғанын Instagram парақшасында⁠ баяндады, деп хабарлайды Malim.kz.

Дина Төлепбергеннің айтуынша, ұлы көз алдында құлаған. Операция сәтті өткен, бірақ сүйекті бекіткен темірлер төрт айдан кейін алынғанда, Мирас қолын толық жаза алмай қалған. Жарақаттан кейін ол біраз уақыт мектепке де бара алмаған.

"Мұндай ерекшелікпен енді суға жоламас деп ойладым. Бірақ дәл осы судың оған күшті көмектесерін білдім. Балам ақылды ғой, айтқаныма көніп, бассейнге қайта оралдық. Жарты жыл жаттықпаған ұлым бәрін басынан бастады", – деп жазды тележүргізуші.

Жаттығуға қайта кіріскен соң Мирастың қолы біртіндеп қалпына келе бастаған. Ол алғаш рет ашық суда жүзіп, кейін жарыстарға да қатысқан. Бұған дейін жүлде алып көрмеген бала бұл жолы өзі қатысқан үш жарыстың үшеуінде де жеңіске жеткен.

"Ал бүгін… бүгін бірінші рет бәрінен басып оздық! Өзі бәйгеге шыққан үш жарысты да жеңді. Үш алтын медаль алды!" – деді Дина Төлепберген.

Тележүргізуші ұлын жаттықтырып, жарыстарға қатысуына көмектескен бапкеріне де алғыс айтты.

Дина Төлепберген кім?

Дина Төлепберген – қазақстандық тележурналист және тележүргізуші. Ол Шымкентте дүниеге келген. Телевизиядағы еңбек жолын "Отырар" арнасында бастап, балаларға арналған хабардың редакторы және "Жас толқын" жастар бағдарламасының жүргізушісі болған. Кейін "Астана" телеарнасында жұмыс істеп, КТК арнасының елордадағы тілшісі және жаңалықтар жүргізушісі қызметтерін атқарған.

Ол көрерменге КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасы арқылы кеңінен танылды. Жоба барысында студияда хабар жүргізіп, оқиға орнына тілші ретінде де барған. 2012 жылы интернет-дауыс беру қорытындысымен "Жыл тележүргізушісі" атанды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу