Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мақпал Жүнісованың бетін ашым": Мұхамеджан Тазабек ел естімеген естелігін айтты

Қоғам •
"Мақпал Жүнісованың бетін ашым": Мұхамеджан Тазабек ел естімеген естелігін айтты
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен арадағы сыйластығы туралы айтып, оның Мақпал Жүнісовамен өткен үйлену тойындағы қызықты оқиғаны еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі журналист Жанар Байсемізге бір жыл бұрын берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтің өзіне көрсеткен жақсылығын және қазақ өнеріне деген ерекше құрметін сөз еткен.

Мұхамеджан Тазабектің айтуынша, ол кезінде Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың үйлену тойына қатысып, беташар рәсімін өткізген.

"Мақпал Жүнісованың бетін ашқаным рас. Ол кезде жас келін оқтау ұстап, иіліп тұрған жоқ. Біз тек ырымын жасадық", – деді айтыскер.

Ол марқұм саясаткердің өнер адамдарына қамқорлық танытып, талантты жастарға қолдау көрсеткенін де еске алды.

"Заманбек ағамыз маған "Волга" мінгізді"

Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділовтің өзіне жасаған ерекше сыйлығы туралы да әңгімеледі.

"Марқұм Заманбек ағамыз өте көп көмектесті. Қарасай батырдың 300 жылдық мерейтойында маған "Волга" мінгізді. Елге деген құрметі мен өнерге деген жанашырлығын көрдік. Үйінде талай рет қонақ болдық", – деді ол.

Айтыскердің сөзінше, Заманбек Нұрқаділов өнер мен мәдениетті жоғары бағалаған, елге белгілі азаматтармен тығыз араласқан тұлға болған.

Сұхбат барысында Мұхамеджан Тазабек марқұм саясаткердің жұмбақ жағдайда өмірден өтуіне де тоқталды. Ол Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды қоғам қайраткерлерінің қазасы туралы ой бөлісіп, олардың тірі кезінде елге тигізер пайдасы мол болар еді деген пікір білдірді.

"Алтынбек пен Заманбек ағаларымыздың қайтыс болғанынан гөрі, тірі жүргені пайдалы емес пе?! Жалпы, біздің қоғам сені өлімге қиып жіберетінін сезіну керек", – деді Мұхамеджан Тазабек.

Сонымен қатар ол Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты нақты бір адамды айыптауға негізі жоқ екенін жеткізді.

"Мен Заманбек ағамыздың өлімін тап басып ештеңе айта алмаймын. Неше түрлі оқиғалар болады. "Мына адам атты" деп тап басып айта алмаймыз. Шындықтың бәрі ақыретте ашылады", – деді айтыскер.

Еске сала кетейік, Мұхамеджан Тазабек "Intelligentno Qu" бағдарламасында Дінмұхамед Қонаевтың үйінде тұрған кезін еске алған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу