Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бір емес, бірнеше баласы болады": Белгілі дәрігер Дариға Бадықова туралы қуанышты хабарды айтты

Қоғам •
"Бір емес, бірнеше баласы болады": Белгілі дәрігер Дариға Бадықова туралы қуанышты хабарды айтты
Салтанат Байқошқарова мен Дариға Бадықова. Фото-коллаж: Malim.kz

Қазақстандық белгілі репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Байқошқарова танымал актриса Дариға Бадықованың жеке өміріне қатысты пікір білдірді. Дәрігер өнер иесіне отбасылық өмірге көбірек көңіл бөліп, ана атану туралы ойлануға кеңес бергенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Салтанат Байқошқарова актрисаның шығармашылығын жоғары бағалап, оның қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап жүргенін атап өтті. Дәрігердің сөзінше, Дариға Бадықова кино саласында белсенді еңбек етіп, түрлі әлеуметтік мәселелерді экран арқылы көрсетіп келеді. Алайда ол актрисаның жеке өміріне де уақыт бөлгенін қалайтынын жасырмады.

Салтанат Байқошқарова Дариға Бадықовамен сөйлескен кезінде оған арнайы кеңес бергенін жеткізді.

"Дариғаның өзіне "көп отбасының мәселесін көтеріп жатсың, қиын өмірлерді көрсетесің. Қорықпайтын, қазақтың бір батыр қызы. Бірақ өзіңді ұмытпа. Енді отбасылық өмірге қарай бет ал", – дедім. Өйткені, Америкаға барып та, Өскеменде де қанша кино түсіріп жатыр. "Таптым-ау" деп жүріп бір-бірін тапты. Сондықтан балалы болу керек, бір емес, бірнешеуі. Оған барлық мүмкіндігі бар. Тек қана уақыт бөлу керек, өзіне өзі мән беру керек", – деді дәрігер.

Белгілі репродуктолог Дариға Бадықованың балалы болуына мүмкіндік бар деген пікірін жеткізді. Ол актрисаның жұмысбастылығына назар аударып, денсаулығы мен жеке өміріне уақыт бөлудің маңызын атап өтті.

Еске сала кетейік, Дариға Бадықова жеке өміріндегі сезімдері туралы ашық айтқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу