Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бейтаныс оқушының пальтосын 30 жыл сақтаған әйел ақыры оның иесін тапты

Оқиға •
Бейтаныс оқушының пальтосын 30 жыл сақтаған әйел ақыры оның иесін тапты
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Көшеде жылап отырған оқушы қызға бейтаныс жігіт үстіндегі жаңа пальтосын шешіп берген. Арада отыз жыл өткенде әйел сол киімді иесіне қайтарды. Оған пальтоның ішіндегі жазу мен газеттен көзі шалған бір мақала көмектесті, деп Malim.kz тілшісі Good News Network басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Норихиса Кояма ол кезде жоғары сыныпта оқитын. Бір күні көшеде бүрісіп, жылап отырған қызды көреді. Біреу оның мектеп формасы ретінде киетін дәстүрлі киімін әдейі тіліп кеткен екен. Кояма ата-анасы жақында ғана сатып әперген қара пальтосын шешіп береді. Қыз жыртылған киімін жауып, үйіне қайтсын дегені еді.

Уақыт өте Кояма сол оқиғаны ұмытып кеткен. Ал қыз пальтоны отыз жыл бойы сақтапты. Оның ішіне иесінің аты-жөні жазылған екен. 2026 жылы әйел газеттен жалғызбасты аналар мен тұрмысы қиын отбасыларға көмектесетін азамат туралы мақаланы оқиды. Сол жерден пальтодағы есімді танып, бір кездері өзіне қол ұшын созған адамды табады. Осылайша қара пальто отыз жылдан кейін иесіне қайтты.

Бұл оқиғаны естіген 80 жастағы суретші Пак Чон Мун Кояманы шеберханасына шақырды. Ол кезінде ұлттық киімінің жеңі жыртылған қызды бейнелейтін картина салған еді. Кояма кездесуге баяғы қара пальтоны ала келген. Енді суретшінің шеберханасы осы оқиға негізінде жаңа өнер жобасын дайындап жатыр.

Оқиға Жапонияда болған. Кояма пальтосын сол елде оқыған корей қызына берген. Ал осы жақсылықтың тарихын өнер жобасына айналдыру туралы әңгіме 2026 жылғы 15 маусымда Токиодағы суретшінің шеберханасында басталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу