Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

19 қарашада ауа райы қандай болады?

MALIMet •
19 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Бейсенбі, 19 қарашада Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде қар жауып, көктайғақ болады. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде аяз −18 градусқа дейін күшейсе, Шымкентте күндіз +20 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады, деп Malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Үш мегаполистегі ауа райы

Астанада түнде −6…−4, күндіз −1…+1 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел түнде 5–10 м/с, күндіз 2–7 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматыда түнде +1…+3, күндіз +11…+13 градус күтіледі. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.

Шымкентте түнде +7…+9, күндіз +18…+20 градус болады. Түнде жауын-шашын күтілмейді, күндіз жаңбыр жауады. Жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғады.

17 облыс бойынша болжам

Абай облысында түнде −8…−3 градус, шығысында −11 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +4…+9 градус күтіледі. Жауын-шашын жаумайды, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел 9–14 м/с, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде қар жауып, көктайғақ болады, күндіз жаңбыр мен қар күтіледі. Түнде −7…−2 градус, шығысында −10 градус, күндіз −3…+2 градус болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел 9–14 м/с, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында түнде −8…−3, күндіз −2…+3 градус болады. Оңтүстік-батысында күндіз +7 градусқа дейін жылынады. Жауын-шашын күтілмейді, солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Алматы облысында түнде −2…+3, таулы аудандарда −13…−8 градус күтіледі. Күндіз өңірде +10…+15, тауда 0…+5 градус болады. Жауын-шашын жаумайды, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Жел 9–14 м/с, шығысы мен тауда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде 0…+5, күндіз +5…+10 градус болады. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с, батысы, оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде аздап жаңбыр мен қар жауады. Түнде −2…+3, күндіз +2…+7 градус күтіледі. Батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел 9–14 м/с, күндіз оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында түнде 0…+5 градус, тауда −5 градус болады. Күндіз +13…+18 градус, таулы аудандарда +8 градус күтіледі. Жауын-шашын жаумайды, кей жерлерде тұман түседі. Жел 9–14 м/с, кей аудандарда екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында түнде −8…−3 градус, таулы аудандарда −11 градусқа дейін суытады. Күндіз өңірде +10…+15, тауда +5 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді, тауда тұман түседі. Жел 9–14 м/с, шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысында түнде −10…−5, солтүстік-шығысында −18…−13 градус аяз болады. Күндіз 0…+5 градус күтіледі. Жауын-шашын жаумайды. Батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде −8…−3, күндіз −2…+3 градус болады. Жел 9–14 м/с, кей бөлігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысының батысында күндіз жаңбыр жауады. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде −3…+2, күндіз +8…+13 градус күтіледі. Жел 9–14 м/с, күндіз батысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. www.kazhydromet.kz

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде +2…+7 градус, солтүстік-шығысында −2 градус, күндіз +10…+15 градус болады. Жел 9–14 м/с, батысы, солтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында түнде −11…−6, күндіз 0…+5 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді. Батысы, шығысы мен орталығында тұман түседі. Жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Күндіз осы бөліктерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ сақталады. Түнде −6…−1 градус, шығысында −9 градус, күндіз −3…+2 градус күтіледі. Кей жерде тұман түседі. Жел 9–14 м/с, батысы мен оңтүстігінде екпіні кейде 25 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының батысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде тұман түсіп, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +5…+10, күндіз +15…+20 градус күтіледі. Солтүстігі мен тауда түнде +2, күндіз +9 градус болады. Жел 9–14 м/с, кей аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында түнде −5…0 градус, оңтүстігінде +3 градус, күндіз +3…+8 градус болады. Батысы, солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен орталығында аздап жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде −10…−5 градус, шығысы мен таулы аудандарында −15 градус аяз болады. Күндіз өңірде +4…+9 градус, тауда −1 градус күтіледі. Жауын-шашын жаумайды, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел 9–14 м/с, оңтүстік-шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу