Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Асығыстық танытуға да, созып алуға да болмайды – Вице-Президент тіл нормаларын жетілдіру туралы

MALIMet •
Асығыстық танытуға да, созып алуға да болмайды – Вице-Президент тіл нормаларын жетілдіру туралы



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында тіл мамандарымен кездесу өткізген Вице-Президент Ерлан Қарин тіл нормаларын жетілдіру ісін асығыстық танытуға да, созып алуға да болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

– Аға буын, тіл жанашырлары, ғалымдар жақсы біледі, қазақ тілінің нормаларын жетілдіру мәселесіне ұзақ жылдар бойы жеткілікті деңгейде мән берілмеді. Салдарынан осы жылдар аралығында тіл нормаларын жүйелеуге қатысты өте көп мәселе жинақталып қалды. Сол себепті, бұл істе асығыстық танытуға да, созып жүріп алуға да болмайды. Сондықтан барлығын мұқият екшеп, жан-жақты пысықтап, дұрыс шешім қабылдауға тиіспіз. Тілге қатысты мәселелерді біржола ретке келтіру маңызды, – деді Ерлан Қарин.

Вице-Президенттің айтуынша, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған "Қазақ тілінің әмбебап сөздігі" жобасымен айналысатын сарапшылардың үлкен тобы жасақталады. Бастамаға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының білікті тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар, ІТ саласының өкілдері тартылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу