Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыс авиациялық қызметтің қатысуымен шұғыл медициналық эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу өткізді

MALIMet •
Қазақмыс авиациялық қызметтің қатысуымен шұғыл медициналық эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу өткізді

Жезқазғанда шалғайдағы өндірістік нысаннан шұғыл медициналық эвакуациялау (MEDEVAC) бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті. Медициналық мамандар, авиациялық қызмет пен "Қазақмыс" Тобының бейінді бөлімшелері зардап шеккен жұмыскерге шартты түрде медициналық көмек көрсету және оны медициналық мекемеге тасымалдауға дайындау кезіндегі бірлескен іс-қимылды пысықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу-жаттығуды "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Әлеуметтік саясат департаментінің медицина бөлімі "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС, "Жезқазған-Эйр" авиакомпаниясы" АҚ және корпорацияның бейінді бөлімшелерінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Жаттығу сценарийіне сәйкес, "Жомарт" кенішінде шартты түрде төтенше оқиға орын алып, салдарынан бір жұмыскерге шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі туындады.

Қатысушылар оқиға туралы хабарлама алудан және алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап, медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру мен шартты пациентті қабылдаушы тарапқа тапсыруға дейінгі іс-қимылдарды жүзеге асырды.

Кеніштің медициналық пункті, Жезқазған медициналық орталығы, авиациялық қызмет пен корпорация бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Зардап шеккен адамның жағдайы туралы ақпаратты беру тәртібі, оны әуе көлігімен эвакуациялау туралы шешім қабылдау, жауапты тұлғаларға хабарлау және медициналық бригаданы дайындау барысы тексерілді.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі "Жезқазған-Эйр" авиакомпаниясының L-410 ұшағын пайдалану арқылы өтті. Медициналық персонал мен әуе кемесінің экипажы шартты түрде зардап шеккен адамды бортқа орналастыру және оны қабылдаушы тарапқа тапсыру тәртібін пысықтады.

Бұл ретте ұшақ іс жүзінде әуеге көтерілген жоқ.

Жаттығу барысында эвакуациялаудың барлық кезеңіне уақыт өлшемі жүргізілді. Алғашқы ақпаратты беруден бастап ұйымдастырушылық және медициналық іс-шараларды орындауға дейінгі уақыт тіркелді.

Алынған деректер әрекет ету жеделдігін бағалау, ықтимал іркілісті анықтау және қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмін одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады.

Қазақмыстың шалғайдағы өндірістік нысандары үшін шұғыл медициналық эвакуациялауға дайын болу ерекше маңызға ие. Шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет ететін жағдайда авиацияны пайдалану пациентті мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Өткізілген оқу-жаттығу компанияның өндірістік нысандардағы медициналық әрекет ету жүйесін жетілдіру, персоналдың штаттан тыс жағдайға дайындығын арттыру және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысының бір бөлігі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу