Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бірде тату, бірде қырылып": Ердос Қанаевтың жұбайы 17 жылда не көргендерін айтты

Шоу-бизнес •
"Бірде тату, бірде қырылып": Ердос Қанаевтың жұбайы 17 жылда не көргендерін айтты
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әнші Ердос Қанаевтың жұбайы отасқандарына 17 жыл толуына орай отбасылық видео жариялады. Ол жұрт желіден көбіне отбасының қуанышты сәттерін көретінін айтып, сол кадрлардың сыртында қалған жайларды сөз етті, деп хабарлайды Malim.kz.

"19.11.2009 – біздің отасқан күніміз.
Бірақ дәл сол күні бұл постты жазуға мүмкіндігім болмады.

Аз да емес, көп те емес тарихы бар отбасымызға біреу қызыға қарайды, біреу қызғана қарайды. Әлеуметтік желіде, әсіресе елімізге танымал адамның отбасы болған соң, көбіне жақсы сәттерімізді ғана көрсетеміз. Бірақ сырт көзге көрінетін сол әдемі кадрлардың артында 17 жылдық өміріміз бар. Оның ішінде бәрі болды. Қуаныш та, қайғы да, түсіністік те, түсінбеушілік те, жеңіс те, жеңіліс те.

Біздің жүріп келе жатқан жолымызбен кез келген адам жүре алмас, бәлкім... Әр отбасының өз тарихы, ешкімге айтылмайтын өз шындығы бар", – деп жазды ол.

Айдана отбасылық өмірлерін әзілмен де сипаттаған.

"Бізде бірде тату, бірде қырылып өмір сүріп келе жатырмыз", – деген әншінің жұбайы.

Айта кетейік, бұған дейін Ердос Қанаевтың асырап жүрген итін көлік қағып кеткені туралы жазған едік. Әнші оқиғаға өзі куә болғанын айтып, жануарына қатты бауыр басқанын жеткізген.

Ердос Қанаев кім?

Ердос Қанаев – "Жігіттер" квартетінің құрамында танылған эстрада әншісі. Ол Түркістан облысы Ордабасы ауданының Шұбар елді мекенінде дүниеге келген. Жоғары оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерген.

"Жігіттер" квартеті 2003 жылы Шымкентте Ерғали Әбдіраймовтың қолдауымен құрылған. Сол жылы топ Шәмші Қалдаяқов атындағы "Менің Қазақстаным" халықаралық байқауында бас жүлде алды. Квартет "Ерке қыз" әнімен көпшілікке кеңінен танылып, 2005 жылы осы атпен алғашқы үнтаспасын шығарды. Бір жылдан кейін Алматыдағы Республика сарайында тұңғыш жеке концертін өткізді.

Қанаев – квартеттің ұзақ жылдар бойы сахнада өнер көрсетіп келе жатқан тұрақты мүшелерінің бірі. 2024 жылы топ "Қызық Times" бағдарламасында шығармашылық жолының 20 жылдық кезеңіне тоқталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу