Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Әркім ойына келгенін істейді": Тоқаев инвестиция тарту жүйесін сынға алды

Саясат •
"Әркім ойына келгенін істейді": Тоқаев инвестиция тарту жүйесін сынға алды
Фото: VioletaStoimenova/Getty Images

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда шетелдік инвестиция тарту және инвесторларды қолдау жүйесінде бірізділік жоқ екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты бір орталықтан үйлестіру қажеттігін айтып, «Бәйтерек» холдингінің рөлін күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Президент 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, әлем елдері арасында инвестиция тарту үшін бәсеке күшейіп келеді. Мұндай жағдайда Қазақстан жедел шешім қабылдап, инвесторларға қолайлы жағдай жасауға тиіс.

Алайда Президент еліміздегі қазіргі жүйенің тиімділігіне қатысты бірқатар мәселе бар екенін атап өтті.

«Бірақ елімізде инвестор тарту және оларды жан-жақты қолдау жүйесінде бірізділік жоқ. Әрбір мекеме немесе жеке тұлға ойында не бар болса, соны істей береді. Нәтижесінде кешенді көзқарас та, үйлесімділік те, сабырлық та, білім де жетіспейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, инвестиция тарту мәселесімен бірнеше мемлекеттік орган айналысқанымен, олардың арасында нақты үйлестіру жүйесі қалыптаспаған.

Соның салдарынан бірқатар мекемеге ұқсас құзыреттер беріліп, жауапкершіліктің нақты бөлінуіне қатысты мәселе туындап отыр.

Мемлекет басшысы мұндай тәсіл қазіргі экономикалық жағдайдың талаптарына сәйкес келмейтінін жеткізді.

«Сондықтан инвестиция тарту ісін бір орталықтан басқаруға мүмкіндік беретін тұтас жүйені жетілдіре түсу керек. Менің ойымша, баяғыдан сөреде жатқан мәселені, яғни инвестициялармен жүйелі түрде айналысатын мекемені анықтау керек», – деді Президент.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық саясатты жүзеге асыруда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің мүмкіндіктерін кеңірек пайдалануды ұсынды.

«Бәлкім, инвестицияға қатысты мәселелермен «Бәйтерек» холдингі белсендірек айналысқаны дұрыс шешім болар. Ал Экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі инвестицияларға байланысты кейбір құзыретін орындауды жалғастырады», – деді Мемлекет басшысы.

Осылайша, Президент инвестиция тарту саласындағы мемлекеттік органдардың міндеттерін қайта қарау және олардың жұмысын өзара үйлестіру мәселесін көтерді.

Әзірге инвестиция тартуға жауапты бірыңғай құрылымның нақты қандай өкілеттіктерге ие болатыны және ұсынылған өзгерістердің қашан жүзеге асырылатыны жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу