Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әйелінің ескі суретінен өзін көрген күйеуі таңғалды

Оқиға •
Әйелінің ескі суретінен өзін көрген күйеуі таңғалды
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Ер адам жұбайының жасөспірім кезіндегі фотосын қарап отырып, артқы жақта тұрған өзін таныған. Сөйтсе, болашақ ерлі-зайыпты танысқанға дейін 11 жыл бұрын бір кадрға түсіп қалған екен, деп Malim.kz тілшісі Good Morning America-ға⁠ сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылы жарияланған оқиға отбасылық фотоларды қараудан басталған. Қайын енесінің үйіне барған ер адам жұбайының бұрынғы суреттерінің біріне назар аударады. Кадрда болашақ әйелі камераға қарап тұрса, оның артында тағы бір жігіт суретке түсіп жатқан. Ол жігіттің өзі екенін көргенде, күйеуі таңданысын жасыра алмаған.

Фото 2000 жылы түсірілген. Сол күні екеуі бір жерге бөлек-бөлек қыдырып келіп, бір мезетте суретке түскен екен. Бірақ ол кезде бірін-бірі танымаған. Ер адам кейін өзінің де сол сапардағы фотосын тауып, сәйкестікті растаған.

Олардың шын таныстығы тек 2011 жылы басталған. Ортақ таныстар арқылы кездескен екеуі бір жылдан кейін шаңырақ көтерген. Тіпті кейін сол орынға бірге барғанымен, бұрын да қатар тұрғандарын білмепті.

Ескі кадрдың сыры ашылған кезде ерлі-зайыпты егіз қыз тәрбиелеп отырған. Олар балалары есейгенде әлгі жерге қайта барып, төртеуі бірге отбасылық суретке түсуді жоспарлаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу