Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңбыр, қар және тұман: 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

MALIMet •
Жаңбыр, қар және тұман: 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Ертең, 2 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ болып, жел күшейеді. Ал Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана

Елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +6…+8 градус. Солтүстік-батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +2…+4, күндіз +14…+16 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с.

Шымкент

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнгі температура +6…+8, күндізгі температура +20…+22 градусқа жетеді. Солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысы

Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Түнде 0…+5, батысында −3 градус, күндіз +3…+8 градус болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Ақтөбе облысы

Өңірде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде −3…−8, оңтүстігінде +1 градус, күндіз +12…+17 градус болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысы

Жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде 0…+5, тауда −5…−10 градус, күндіз +13…+18, таулы аудандарда +5…+10 градус күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, оңтүстікте және тауда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысы

Күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде 0…+5, солтүстігінде −3 градус, күндіз +16…+21 градус болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Абай облысы

Түнде жауын-шашын болмайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады. Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде −1…−6, батысы мен солтүстігінде +3 градус, күндіз +7…+12, оңтүстігінде +15 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, батыста, солтүстікте және орталықта 15–20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

Өңірде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде −1…−6, оңтүстігінде +2 градус, күндіз +15…+20 градус болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысы

Жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман күтіледі. Түнде +2…+7, солтүстікте және тауда −2 градус, күндіз +15…+20, таулы аудандарда +11 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Жетісу облысы

Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Таулы аудандарда тұман түседі. Түнде −1…−6, оңтүстігінде +3 градус, тауда −11 градусқа дейін суытады. Күндіз +10…+15, тауда +5 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, шығыста және тауда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысы

Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз осы аудандарда жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Температура түнде −1…−6, оңтүстігінде +3 градус, күндіз +5…+10, оңтүстігінде +13 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, солтүстік пен шығыста 15–20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысы

Жауын-шашын болмайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде −3…−8, оңтүстігінде +1 градус, күндіз +5…+10 градус болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысы

Күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде −1…−6 градусқа дейін үсік жүреді, оңтүстігінде +3 градус болады. Күндіз ауа температурасы +15…+20 градусқа жетеді. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысы

Жауын-шашын күтілмейді. Түнде +2…+7, солтүстік-шығысында −1 градус, күндіз +16…+21 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Павлодар облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Түнде 0…+5, шығысында −3 градус, күндіз +3…+8 градус болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, батыста, солтүстікте және шығыста 15–20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Температура түнде 0…+5, батысында −3 градус, күндіз +3…+8 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, солтүстік пен шығыста 15–20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысы

Жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде +3…+8, солтүстікте және тауда −3 градус, күндіз +17…+22, солтүстікте және тауда +13 градус болады. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ұлытау облысы

Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнгі температура −1…−6, оңтүстігінде +3 градус, күндіз +10…+15 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз осы аудандарда жаңбыр мен қар, ал солтүстікте және тауда қалың қар күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде −1…−6, солтүстікте және тауда −10 градусқа дейін, күндіз +5…+10, солтүстікте және тауда +1 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, батыста, солтүстікте және шығыста 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу