Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәби кезінде құтқарған дәрігерін 30 жылдан кейін өзі ажалдан арашалап қалды

Оқиға •
Сәби кезінде құтқарған дәрігерін 30 жылдан кейін өзі ажалдан арашалап қалды
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Өртенген көлікте қамалып қалған дәрігерді құтқаруға келгендердің арасында оның бұрынғы науқасы болған. Жедел жәрдем маманы ауыр жараланған адамның аты-жөнін білгенде ғана таңғаларлық сәйкестікті түсінген: алдында жатқан дәрігер оны сәби кезінде ажалдан арашалап қалған екен, деп хабарлайды Malim.kz.

Крис Троки мерзімінен бұрын дүниеге келген. Туған кездегі салмағы бір жарым келіге де жетпеген сәбидің өмірі үшін дәрігерлер күрескен. Оның тірі қалу мүмкіндігі 50 пайыз деп бағаланған.

Кішкентай Кристі емдеген педиатр Майкл Шеннон оның жағдайын тәулік бойы бақылаған. Дәрігердің күтімі мен емінің арқасында баланың денсаулығы тұрақталған.

Алайда ауруханадан шыққаннан кейін де отбасының алаңдайтын сәттері болған. Бірнеше аптадан соң сәбидің дене қызуы көтеріліп, қайтадан ауруханаға жеткізілген. Шеннон бұл жолы да балаға көмек көрсетіп, қауіп сейілгенше жанынан табылған.

Ол Кристі тек сәби кезінде емдеумен шектелмеген. Бала жасөспірім шаққа жеткенге дейін осы педиатрдың бақылауында болған. Кейін Крис ержетіп, өзі де адам өмірін құтқаратын мамандықты таңдаған.

Арада шамамен 30 жыл өткенде дәрігердің өзі шұғыл көмекке мұқтаж болады.

2011 жылғы 29 наурызда Шеннонның көлігі жүк көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан жеңіл көлік жүк көлігінің астына қыстырылып, артынша от тұтанған. Жараланған дәрігер іште қамалып қалып, өздігінен шыға алмаған.

Шақырту түскен кезде Крис әріптестерімен бірге түнгі кезекшілігін аяқтауға жақындап қалған еді. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, бірден іске кіріскен. Бірі жалынды сөндірсе, өзгелері арнайы құралмен көліктің қыстырылған бөліктерін ашуға тырысқан.

Осы уақытта Шеннон есін жоғалтпай, құтқарушылармен сөйлесіп отырған. Жалын көліктің ішіне де жетіп, аяғын күйдіре бастағанына қарамастан, ол өзінің жағдайын түсіндіріп, көмек күткен.

Мамандар дәрігерді көліктен шығарып, ауруханаға жеткізген. Құтқару жұмысына қатысқан Крис сол сәтте өзінің бұрынғы дәрігеріне көмектесіп жатқанын білмеген.

Тек кейін оның аты-жөнін естігенде бәрі есіне түскен. Бір кездері өмірі қыл үстінде тұрған сәбиді аман алып қалуға күш салған адам енді оның көмегіне мұқтаж болған.

Бұл сәйкестік Шеннонның өзін де таңғалдырған. Ол кішкентай науқастарының ержеткенін көрудің ерекше сезім екенін, ал олардың бірінің ең қиын сәтте көмекке келуі тіпті күтпеген жағдай болғанын айтқан.

Апат дәрігердің денсаулығына ауыр зардап әкелген. Ол 45 күн ауруханада емделіп, аяғындағы екі саусағынан айырылған. Дегенмен құтқарушылардың көмегімен аман қалған.

Екеуінің байланысы осы оқиғамен аяқталмаған. 2015 жылы олардың балалардағы қатерлі ісікті зерттеуге қаражат жинайтын қайырымдылық шарасына бірге қатысқаны хабарланған. Сол кезде Крис өзінің ұлын да Шеннонға көрсететінін айтқан. Осылайша, бір кездері әкесін емдеген дәрігер кейін баласының да педиатры болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу