Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Шұғыл операция деді": Айдана Меденова босану кезінде басынан өткен қиындықты айтты

Шоу-бизнес •
"Шұғыл операция деді": Айдана Меденова босану кезінде басынан өткен қиындықты айтты
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әнші, KeshYOU тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова үшінші сәбиін дүниеге әкелген кезде қиын жағдайға тап болғанын айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, дәрігерлер оны шұғыл операцияға алып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Айдана бұл оқиғаны "Мамский әңгіме" подкастында еске алды. Әнші жүктілік кезеңі, босану сәтіндегі күтпеген жағдай және сол кездегі көңіл күйі туралы ашық әңгімеледі.

Оның айтуынша, жүктіліктің алғашқы кезеңі айтарлықтай қиындықсыз өткен. Алайда босануға жақындағанда денсаулығы сыр беріп, буындары мен сүйектері қатты ауыра бастаған. Өнер иесі үшінші сәбиінің мерзімінен бұрын дүниеге келгенін де айтты.

"Өте ерекше өтті. Кішкене қауіпті болды. Біріншіден, ерте босану болды. Жүктілік жеңіл, жақсы өтті. Бірақ соңында ағзам шыдамай кетті. Әсіресе буын-сүйектерім қатты ауырды. Кішкене салмақ қостым. Сол үшін бе деп ойлаймын", – деді әнші.

Айдана Меденова толғағы басталғаннан кейін бірден босанбағанын жеткізді. Ол перзентханада 12–13 сағат күткен. Сол уақытта дәрігерлер сәбидің сол күні дүниеге келетінін айтқанымен, босануға әлі дайын емес екенін түсіндірген.

Алайда кейін жағдай өзгеріп, дәрігерлер шұғыл кесарь тілігін жасауға шешім қабылдаған. Әншінің сөзінше, сәбидің кіндігі оратылып қалған екен. Айдана дәрігерінің жүзінен алаңдаушылықты байқап, бір нәрсенің дұрыс болмай жатқанын сезгенін айтты.

"Толғағым келді, 12-13 сағат күттім. "Бүгін босанасың, бірақ әлі дайын емессің” деп айтты. Баламның кіндігі оратылып қалған екен. Экстренно кесарь тілігіне жіберді. Дәл босанар алдында. Өзім шок болдым. Дәрігерімнің көзінен бір нәрсе дұрыс емес екенін көріп тұрдым. Ол "Срочно операция!" деп айқайлады. Оны естіп, талып қалдым", – деп еске алды ол.

Өнер иесінің айтуынша, оқиғаның бұлай өрбуі күйеуі Әлішер үшін де күтпеген жағдай болған. Дәрігерлер оған алдын ала хабарлап үлгерместен, Айдананы операцияға алып кеткен. Әнші бұл сәттің жұбайын да қатты алаңдатқанын жеткізді.

Подкастта Айдана тек босану кезіндегі қиындықтармен шектелмей, өмірінің өзге кезеңдері туралы да сөз қозғады. Ол бір жылға созылған күйзелісі мен шығармашылыққа қайта оралу жолын әңгімеледі.

Сондай-ақ KeshYOU тобының мерейтойлық концертіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, хиджабтан кейінгі өмірі мен қызының таңдауы туралы пікірін білдірді. Отбасына қатысты тараған ажырасу туралы қауесеттерге де тоқталды.

Айдана Меденова кім?

Айдана Меденова – қазақстандық эстрада әншісі, KeshYOU тобының бұрынғы мүшесі. Ол 1991 жылы 28 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Музыканттар отбасында өскен өнер иесі бала кезінен шығармашылыққа жақын болған. Көпшілікке Жанар Дұғалова және Кәмшат Жолдыбаевамен бірге KeshYOU құрамында өнер көрсеткен кезеңінде кеңінен танылды.

Топтан кеткеннен кейін Айдана жеке шығармашылығын жалғастырды. Кейін біраз уақыт сахнадан алыстап, шығармашылық үзіліс алды. 2026 жылы өнерге қайта оралғанын айтып, үзілісінің себептері туралы сұхбаттарда бөлісті. Әнші отбасылық өмірі мен ана ретіндегі тәжірибесін де көпшіліктен жасырмай әңгімелеп келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу