Ертең, 4 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс пен оңтүстіктің кей аудандарында жаңбыр жауып, шығыста түнде қар мен көктайғақ күтіледі. Бірқатар өңірде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде ауа температурасы −4…−2°C, күндіз +5…+7°C болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы – 2–7 м/с.
Алматыда жауын-шашын болмайды. Түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғады.
Шымкентте түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбырлы болады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C шамасында. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 5–10 м/с.
Абай облысында жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда тұман түседі. Түнде −7…−2°C, солтүстікте +2°C, күндіз +3…+8°C, оңтүстікте +12°C болады. Оңтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Түнде −7…−2°C, күндіз +2…+7°C болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы – 7–12 м/с.
Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 0…+5°C, шығысында −3°C, күндіз +9…+14°C болады. Оңтүстік-шығыстан жел 5–10 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+6°C, солтүстігінде және таулы аудандарында −4°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +13…+18°C, тауда +5…+10°C болады. Солтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғып, шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында түнде жауын-шашынсыз, күндіз батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнгі температура +2…+7°C, күндізгі температура +13…+18°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.
Батыс Қазақстан облысында батыс және солтүстік аудандарда жаңбыр жауады. Осы аумақтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +2…+7°C, күндіз +9…+14°C болады. Оңтүстіктен жел 7–12 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Күндіз батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Түнде +3…+8°C, солтүстігі мен тауда −3°C, күндіз +16…+21°C, тауда +12°C болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 9–14 м/с, таулы аудандарда 15–20 м/с.
Жетісу облысында жауын-шашын болмайды. Түнде −7…−2°C, оңтүстігінде +3°C, таулы аудандарында −10°C болады. Күндіз +13…+18°C, тауда +10°C күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғып, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнгі температура −10…−5°C, оңтүстігінде +1°C, күндіз +4…+9°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.
Қостанай облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстік және шығыс аудандарда тұман күтіледі. Түнде −8…−3°C, күндіз +5…+10°C болады. Оңтүстік-батыстан жел 7–12 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде 0…+5°C, солтүстігінде −2°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +13…+18°C, шығысында +21°C болады. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.
Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде +5…+10°C, солтүстік-шығысында +1°C, күндіз +16…+21°C болады. Солтүстіктен жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз батысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз болады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Түнде −6…−1°C, батысында +3°C, күндіз +3…+8°C күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3–8 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батыс және солтүстік аудандарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде −7…−2°C, күндіз +1…+6°C болады. Оңтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысында түнде оңтүстігінде жаңбыр, таулы аудандарында жаңбыр мен қар күтіледі. Күндіз батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, тауда кей уақытта қатты жаңбыр болады. Таулы аудандарда тұман түседі. Түнде +3…+8°C, солтүстігінде −3°C, күндіз +16…+21°C, солтүстігі мен тауда +12°C болады. Оңтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Түнде −8…−3°C, оңтүстігінде +1°C, күндіз +8…+13°C болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 7–12 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында түнде шығысы мен таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде −6…−1°C, тауда −10°C, күндіз +3…+8°C, шығысы мен таулы аудандарында −2°C болады. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.