Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаевтың шақыруымен Иордания королі Қазақстанға ресми сапармен келді

Саясат •
Тоқаевтың шақыруымен Иордания королі Қазақстанға ресми сапармен келді
Фото: Ақорда

Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Иордания королі елімізде 5-6 қараша күндері болады. Сапар барысында екі мемлекеттің басшылары кездесіп, Қазақстан мен Иордания арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту жолдарын қарастырады.

Тараптар сауда айналымын ұлғайту, инвестициялық байланыстарды нығайту, сондай-ақ мәдени және гуманитарлық бағыттардағы бірлескен жұмысты кеңейту мәселелеріне назар аударады.

"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады", – деп хабарлаған еді Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.

Иордания монархының Қазақстанға келуі Астанада өтетін халықаралық жиынмен де байланысты. Атап айтқанда, 6 қарашада елордада Ақаба процесінің саммиті ұйымдастырылады. Оған бірқатар елдің басшылары қатысады деп жоспарланған.

Халықаралық кездесуде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық пен қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланбақ.

Бұған дейін Ақорда Иордания королі мен Тәжікстан президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабылдап, Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу