Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанадан Алматы мен Семейге жаңа пойыздар қатынайды

Қоғам •
Астанадан Алматы мен Семейге жаңа пойыздар қатынайды
Stadler пойызы. Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Қазақстанда Stadler компаниясының жаңа вагондарынан құралған пойыздарға билет сатыла бастады. Енді жолаушылар Астанадан Алматы мен Семейге заманауи пойыздармен қатынай алады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 5 қарашадан бастап №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» және №153/154 «Нұрлы жол – Семей» бағыттарына билеттер сатылымға шығарылды. Алғашқы пойыз Алматыға 11 қарашада, Семейге 13 қарашада аттанады.

Компанияның хабарлауынша, бүгінде 100-ден астам Stadler вагоны қабылданған. Жаңа құрамдар кезең-кезеңімен пайдалануға берілмек.

Заманауи вагондар Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделіп, Stadler Kazakhstan зауытында өндіріледі. Купе вагондары 40, ал плацкарт вагондары 56 жолаушыға арналған.

Жолаушылардың жайлылығы үшін вагондарда климаттық бақылау жүйесі, жеке жарық шамдары, электр розеткалары, USB және USB-C қуаттау құрылғылары мен бейнебақылау орнатылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жағдай жасалып, пойыз құрамына буфет вагондары енгізілген.

Пойыздардың жүру кестесі:

Астана – Алматы бағыты (күн сайын):

Астанадан сағат 13:10-да шығып, Алматыға келесі күні 08:30-да жетеді.

Алматыдан 12:12-де аттанып, Астанаға келесі күні 07:03-те келеді.

Астана – Семей бағыты (айдың тақ күндері):

Астанадан 16:40-та шығып, Семейге келесі күні 06:10-да жетеді.

Семейден 15:00-де аттанып, Астанаға келесі күні 05:05-те келеді.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу