5 қарашада Қазақстанның батыс өңірлерінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бірқатар облыста тұман күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізден жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырған антициклон ығысып, оның орнын солтүстік циклонның терең жырасы басады. Ауа райы алдымен батыста, кейін қалған өңірлерде өзгереді.
Үш мегаполистегі ауа райы
Астана. Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -4…-6°C, күндіз +7…+9°C болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с.
Алматы. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C. Батыстан жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді.
Шымкент. Түнде жаңбыр жауып, тұман түседі. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с.
17 облыстағы ауа райы
Ақмола облысы. Жауын-шашын болмайды. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде -4…-9°C, батысы мен солтүстігінде -1°C, күндіз +5…+10°C болады. Оңтүстіктен жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысы. Түнде солтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, батысында және орталығында жаңбыр жауады. Батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде +2…+7°C, шығысында -3°C, күндіз +10…+15°C болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 7–12 м/с, солтүстігінде, батысында және орталығында екпіні 15–20 м/с. Күндіз кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысы. Түнде солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар, таулы аудандарында қар жауады. Күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, тауларда аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде +1…+6°C, солтүстігінде 3 градус үсік, таулы аудандарында -4°C болады. Күндіз +10…+15°C, тауларда +2…+7°C. Батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысы. Жаңбыр жауады. Күндіз солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде +5…+10°C, күндіз +10…+15°C, батысында +7°C болады. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғып, солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысы. Түнде жаңбыр, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2…+7°C, күндіз +2…+7°C, оңтүстік-шығысында +10°C болады. Солтүстік-батыстан жел түнде 9–14, батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз жел 15–20 м/с-қа жетіп, батысы мен солтүстігінде екпіні 23–28 м/с болады.
Жамбыл облысы. Түнде оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, таулы аудандарында жаңбыр мен қар, кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауады. Тауларда тұман түседі. Түнде +4…+9°C, солтүстігі мен тауларда -2°C, күндіз +12…+17°C, таулы аудандарында +8°C болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, тауларда 15–20 м/с.
Жетісу облысы. Түнде батысында жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Орталығы мен таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Түнде 0…+5°C, тауларда -5°C, күндіз +10…+15°C, орталығында +7°C, таулы аудандарында +4°C болады. Оңтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысы. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде -3…-8°C, оңтүстігінде +1°C, күндіз +5…+10°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7–12 м/с.
Қостанай облысы. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде -2…-7°C, батысы мен солтүстігінде +2°C, күндіз +6…+11°C, оңтүстігінде +14°C болады. Оңтүстіктен жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысы. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0…+5°C, солтүстігінде 2 градус үсік болады. Күндіз ауа температурасы +15…+20°C-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Маңғыстау облысы. Батысында, солтүстігінде және орталығында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде батысында тұман түседі. Түнде +10…+15°C, солтүстік-шығысында +5°C, күндіз +17…+22°C, солтүстік-батысында +14°C болады. Оңтүстіктен жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысы. Жауын-шашын болмайды. Батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Түнде -2…-7°C, күндіз +3…+8°C болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде -1…-6°C, оңтүстік-батысында -9°C, күндіз +3…+8°C болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысы. Түнде батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, тауларда жаңбыр мен қар, кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауады. Түнде +3…+8°C, солтүстігінде -3°C, күндіз +15…+20°C, солтүстігі мен тауларда +11°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы. Жауын-шашын болмайды. Солтүстігінде тұман түседі. Түнде -1…-6°C, таулы аудандарында -9°C, күндіз +3…+8°C, шығысы мен тауларда -1°C болады. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.
Абай облысы. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Түнде -1…-6°C, күндіз +4…+9°C, оңтүстігінде +12°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.
Ұлытау облысы. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Түнде -1…-6°C, күндіз +9…+14°C болады. Солтүстік-шығыстан жел 7–12 м/с жылдамдықпен соғады.