Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өлтірілді деп іздеген адам бес жылға жуық уақыттан кейін орманнан тірі табылды

Оқиға •
Өлтірілді деп іздеген адам бес жылға жуық уақыттан кейін орманнан тірі табылды
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Полиция кісі қолынан қаза тапты деп болжап, ұзақ уақыт іздеген ер адам орман арасында жасырынып жүрген. Тергеудің бағытын әлеуметтік желіден табылған парақша өзгерткен, деп Malim.kz тілшісі ITV News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам 2015 жылдың қыркүйегінде із-түзсіз жоғалған. Ол кезде жасы 35-те болған. Тергеушілер оның жоғалар алдында қатты соққыға жығылған болуы мүмкін екенін анықтап, кісі өлтіру нұсқасын тексере бастаған.

Алайда жылдар бойы іздеу нәтиже бермеген. Оның қайда кеткенін түсіндіретін нақты дерек табылмаған.

Кейін Facebook желісінде жоғалған адамның атынан ашылған парақша анықталады. Бұл оның тірі болуы мүмкін деген үмітті қайта оятқан. Полиция парақшаның кімге тиесілі екенін тексеріп, іздеуді жалғастырған.

Ақыры бес жылға жуық уақыттан кейін ер адам орман ішіндегі қалың бұта арасынан тірі табылған. Полиция мәліметінше, ол әдейі жасырынып, біраз уақыт ешкіммен сөйлеспеген.

Істі тергеу барысында адамдарды қанауға қатысты жайттар да анықталған. Осылайша кісі өлтіру болуы мүмкін деген күдікпен басталған іздеу күтпеген жерден жоғалған адамның тірі табылуымен аяқталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу