Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төсек салып, теледидар қосқан: отбасы үйінің астында бөтен адамның тұрып жатқанын білмеген

Оқиға •
Төсек салып, теледидар қосқан: отбасы үйінің астында бөтен адамның тұрып жатқанын білмеген
Фото: malim.kz / Жи арқылы жасалған

Ерлі-зайыпты мен олардың кішкентай қызы үйінде қалыпты тіршілік кешіп жүргенде, еден астындағы қуысты бөтен адам баспанаға айналдырған. Ол онда екі жарым айдай тұрып, электр қуатының ақысын үй иелеріне төлетіп келген, деп Malim.kz тілшісі ABC News пен KOMO News басылымдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2025 жылдың қыркүйегінде әшкере болған. Түнгі сағат он бір шамасында көршілердің бірі бейтаныс ер адамның көлігін қойып, ғимараттың артына қарай кеткенін байқайды. Артынша үй астындағы қуысқа кіретін есіктен жарық көрінген. Көп ұзамай есік жабылған.

Шақыртуға келген полиция қызметкерлері желдеткіш тесігінен өткізілген электр сымын көреді. Ал есік құлыптаулы тұрған.

Үй иесі ол жерде ешкім тұрмауы керектігін айтып, бұған дейін төменнен түсініксіз дыбыстар естігенін жеткізген. Бірақ оның себебі бөтен адам болуы мүмкін екенін білмеген.

Иесінің кілті есікке түспеген соң, полицейлер оны бұзып ашқан. Ішінен 40 жастағы ер адам табылған.

Ол тар қуысты кәдімгідей жабдықтап алған: төсек орналастырып, шамдар ілген, теледидарлар мен ойын құрылғыларын әкелген. Тіпті тамақ әзірлейтін орын жасаған. Электр жабдықтарының бәрі үйдің желісіне қосылып тұрған.

Прокуратура мәліметінше, жасырын тұрғын отбасының жеке әңгімелерін де ести алған.

Іс сотқа жетіп, 2026 жылдың мамырында ер адам кінәлі деп танылған. Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу