Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

80 жастағы миллиардер 51 жастағы бағбанын асырап алмақ болған

Оқиға •
80 жастағы миллиардер 51 жастағы бағбанын асырап алмақ болған
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Миллиардтаған байлығы бар қария бұрын өзіне қызмет еткен 51 жастағы бағбанын ұл етіп асырап алып, дәулетінің бір бөлігін соған қалдыруды көздеген. Ерекше мұрагер туралы Malim.kz тілшісі CNN материалына⁠ сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың желтоқсанында жарияланған дерекке сәйкес, сол кезде 80 жаста болған ауқатты азамат әйгілі сән үйінің негізін қалаған әулеттен шыққан. Оның компаниядағы үлесінің құны шамамен 12 миллиард еуроға бағаланған.

Алайда баласы жоқ қария болашақ мұрагерін күтпеген жерден таңдаған. Ол бұрын бақшасын күтіп, үй шаруасына көмектескен 51 жастағы қызметкерін заң жүзінде баласы еткісі келген. Осы жоспары жүзеге асса, бағбанға орасан байлықтың кемінде жартысы қалуы мүмкін еді.

Бұл үшін қария заңгерлердің көмегіне жүгінген. Дегенмен қызметкерді асырап алу ниеті оның бірден мұрагер атанғанын білдірмейді: сол кездегі хабарламаларда рәсімнің аяқталғаны расталмаған.

Мәселенің тағы бір түйіні болған. Бай азамат 2011 жылы өз дәулетін өзі құрған қорға қалдыру жөнінде келісім жасасқан. Кейін ойын өзгертіп, бұрынғы уағдаластықтан бас тартпақ болғанда, қор бұған қарсылық білдірген.

Қор өкілдері келісімді бір тараптың қалауымен бұзуға келіспейтінін мәлімдеген. Осылайша, бағбанға миллиардтар қалдыру туралы жоспар бұрын жасалған мұрагерлік келісімге тірелген.

Бұл оқиға Швейцарияда болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу