Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өз қызы деп 59 жыл тәрбиелеген: әйел перзентханада сәбиінің ауысып кеткенін білді

Оқиға •
Өз қызы деп 59 жыл тәрбиелеген: әйел перзентханада сәбиінің ауысып кеткенін білді
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Әйел өзі дүниеге әкелдім деп ойлаған қызын өсіріп, тәрбиелеп, оған бар мейірімін арнаған. Алайда арада жарты ғасырдан астам уақыт өткенде перзентханада сәбилердің ауысып кеткені белгілі болды, деп Malim.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 1965 жылы басталған. Әйел перзентханада қыз босанып, жеті күннен кейін сәбиін құшағына алып, үйіне қайтқан. Қызы өсе келе шашы қара әрі бұйра болып, анасына ұқсамайтындығы байқалған. Алайда әйел мұны қызының әжесіне тартқанымен түсіндірген.

Ол баласының өзге отбасынан екенін бір сәтке де ойламаған. Тіпті қызына өз анасының есімін берген.

Ал қызы есейген сайын өзін отбасына жат сезініп, көңіліндегі күдіктің жауабын іздей бастаған. Ақыры 2021 жылы ДНҚ сараптамасын жасауға шешім қабылдаған.

Зерттеу нәтижесі оның өзін өсірген ата-анасымен биологиялық туыстығы жоқ екенін көрсеткен.

Кейін бір күн аралатып дүниеге келген екі қыздың перзентханада ауысып кеткені анықталды. Бірі 1965 жылдың 14 ақпанында, екіншісі 15 ақпанында туған.

Алайда оқиғаның ең таңғаларлық тұсы мұнымен аяқталмаған. Екінші қызды тәрбиелеген әйел 1981 жылы қан талдауы арқылы баласының өзінен тумағанын білген. Ал денсаулық сақтау органдары бұл жағдайдан 1985 жылы хабардар болғанымен, өзге отбасыға мәлімет бермеген.

Осылайша, екі қыз ондаған жыл бойы өздерінің шынайы шығу тегін білмей өмір сүрген.

2024 жылы 59 жастағы екі әйел мен олардың бірінің 78 жастағы биологиялық анасы сотқа жүгінді. Олар тиісті органдарды адам құқықтарын бұзды деп айыптап, ресми кешірім сұрауды және өтемақы төлеуді талап етті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу