Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтар енді бейтаныс нөмірден қай ұйым қоңырау шалғанын біле алады

MALIMet •
Қазақстандықтар енді бейтаныс нөмірден қай ұйым қоңырау шалғанын біле алады
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанда телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу мақсатында ұялы байланысқа қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Енді белгілі бір ұйымнан қоңырау түскен кезде оның атауы телефон экранында көрсетіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы 24 қарашада Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, заңды тұлғалардан түсетін қоңырауларды таңбалау жүйесі енгізіледі. Соның арқасында қазақстандықтар телефон тұтқасын көтермей тұрып, қай мекемеден хабарласып жатқанын біле алады.

Сонымен қатар ұялы байланыс нөмірін тіркеу кезінде абоненттің жеке басын биометриялық деректер арқылы растау міндеттеледі.

"Қоңырауларды таңбалау абонентке қай ұйымнан хабарласып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Мысалы, телефонға банк, дүкен немесе емхана қоңырау шалса, олардың атауы экранда көрінеді. SIM-картаны тіркеген кезде абонент биометриялық тексеруден өтуі керек. IMEI код арқылы Қазақстанға заңсыз әкелінген және коды өзгертілген телефондарды анықтауға болады", – деді министр.

Бұдан бөлек, байланыс операторларының Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істеу тәртібі бекітілді.

Жаңа талаптар телефон алаяқтығының алдын алуға, байланыс қызметінің қауіпсіздігін арттыруға және елге заңсыз әкелінген мобильді құрылғыларды анықтауға бағытталған.

Сондай-ақ интернетке қосу және халықаралық IP-телефония қызметтерін ұсынатын операторлар лицензия алуға міндеттеледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу