Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үйін сәндеуге арзан құмыра сатып алған әйелдің өмірі күтпеген жерден өзгерді

Оқиға •
Үйін сәндеуге арзан құмыра сатып алған әйелдің өмірі күтпеген жерден өзгерді
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

43 жастағы әйел ескі заттар сатылатын дүкеннен небәрі 4 долларға шыны құмыра сатып алған. Алайда ол үйіне сән бермек болып алған бұйымының ондаған миллион теңге тұратынын білмеген, деп хабарлайды Malim.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2023 жылдың маусым айында болған. Жылқы баптаумен айналысатын әйел жұмыстан кейін ескі бұйымдар сатылатын дүкенге кірген. Сөрелерді аралап жүріп, жасыл және күлгін түсті өрнектері бар шыны құмыраны байқайды.

Әйелге бұйымның ерекше пішіні мен түсі ұнаған. Сөйтіп, оны үйіне сәндік бұйым ретінде қоюды ұйғарып, 3,99 долларға сатып алған.

Алайда құмыраның түбіндегі таңбалар оның қызығушылығын оятқан. Үйіне келген соң бұйымды суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі көне заттар жинаушылар қауымдастығына жариялайды.

Желі қолданушылары құмыраның қарапайым ыдыс емес екенін айтып, мамандарға жүгінуге кеңес берген. Тіпті оған 10 мың доллар ұсынған адам да болған. Алайда әйел бұйымды сатуға асықпаған.

Сараптама нәтижесінде құмыраның 1942 жылы жасалған сирек өнер туындысы екені анықталды. Оны жасау технологиясы аса күрделі болғандықтан, мұндай бұйымдар аз шығарылған. Мамандар дәл осындай пішіні мен түсі бар тағы бір құмыраның ғана сақталғанын білген.

Ең таңғаларлығы, 80 жылдан астам уақыт өтсе де, бұйымға ешқандай зақым келмеген.

2023 жылдың желтоқсанында құмыра аукционға шығарылып, 107 100 долларға сатылды. Сауда ұйымдастырушыларының үлесін алып тастағаннан кейін әйелдің қолына шамамен 83 мың доллар тиген.

Ол күтпеген жерден түскен қаражатты жақында сатып алған ескі үйін жөндеуге жұмсауды жоспарлаған.

Ал соншалықты құнды өнер туындысының арзан заттар сатылатын дүкенге қалай түскені әлі күнге дейін белгісіз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу