Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

25 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

MALIMet •
25 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

25 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал оңтүстік өңірлерде күн жылы болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Үш мегаполистегі ауа райы

Астана: түнде жаңбыр мен қар жауады. Таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз +3...+5°C.

Алматы: түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +13...+15°C-қа дейін көтеріледі.

Шымкент: жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Күндіз +18...+20°C.

Облыстардағы ауа райы

Абай облысы: түнде жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Түнде -5...0°C, күндіз 0...+5°C.

Ақмола облысы: жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Түнде -5...0°C, күндіз -2...+3°C.

Ақтөбе облысы: түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде 0...+5°C, күндіз +3...+8°C.

Алматы облысы: түнде жаңбыр, таулы аудандарда қар жауады. Түнде +3...+8°C, күндіз +8...+13°C.

Атырау облысы: түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +3...+8°C, күндіз +5...+10°C.

Батыс Қазақстан облысы: қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз +2...+7°C.

Жамбыл облысы: жауын-шашын күтілмейді. Таулы аудандарда тұман түседі. Түнде +5...+10°C, күндіз +10...+15°C.

Жетісу облысы: жаңбыр, таулы аудандарда қар жауады. Түнде +2...+7°C, күндіз +8...+13°C.

Қарағанды облысы: жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Түнде -5...0°C, шығысында -8°C, күндіз 0...+5°C.

Қостанай облысы: жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Түнде -5...0°C, күндіз +2...+7°C. Желдің екпіні 28 м/с-қа жетуі мүмкін.

Қызылорда облысы: күндіз жаңбыр жауып, кей аудандарда тұман түседі. Түнде +1...+6°C, күндіз +8...+13°C.

Маңғыстау облысы: түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +5...+10°C, күндіз +10...+15°C.

Павлодар облысы: түнде қатты жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде -5...0°C, күндіз -2...+3°C.

Солтүстік Қазақстан облысы: жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Түнде және күндіз -5...0°C.

Түркістан облысы: кей аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +5...+10°C, күндіз +15...+20°C.

Ұлытау облысы: күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде -5...0°C, күндіз +3...+8°C.

Шығыс Қазақстан облысы: түнде жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Түнде -5...0°C, таулы аудандарда -8°C, күндіз 0...+5°C.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыстан келген циклондар өтеді. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі. Ал 26 қарашада оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы +25°C-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу