Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жезқазған жастары волейбол ойынынан кейін трибуналарды қоқыстан тазартты

Спорт •
Жезқазған жастары волейбол ойынынан кейін трибуналарды қоқыстан тазартты

Жезқазған жастары "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында кезекті тазалық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жастар "Жігер" спорт кешенінде өткен "Ұлытау" мен "Қайсар" командалары арасындағы волейбол ойынын тамашалап, жанкүйерлік қолдау көрсетті. Кездесу аяқталған соң трибуналарда қалған қоқысты жинап, спорт кешенінің тазалығына үлес қосты.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен спорт жанкүйерлері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық орындарда тазалық сақтау дағдысын орнықтыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Жастар бұл бастама арқылы қоғамдық орындардың тазалығын сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталатынын көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу