Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ баспасөзінен Марсқа дейін: 26 қарашада не болды?

MALIMet •
Қазақ баспасөзінен Марсқа дейін: 26 қарашада не болды?
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

26 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінің тарихы басталды, Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде ант берді, ал NASA аппараты Марсқа қонды. Malim.kz тілшісі Ақорда, Қазақ ұлттық электронды кітапханасы және NASA деректеріне сүйеніп, осы күннің оқиғаларын шолып шықты.

Қазақстанда

1924 жыл – "Оңтүстік Қазақстан" газетінің тарихы басталды

26 қарашада қазіргі "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газетінің тарихына негіз болған басылым жарық көрді. Газет әуелде "Ақ жол" атауымен шығып, кейін "Ленин жолы" деп аталды. 1932 жылы "Оңтүстік Қазақстан" деген атауға ие болды. Басылымның негізін қалаушылардың қатарында Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов және Ораз Жандосов бар.

1997 жыл – Алматыда Мұсылман Базарбаевтың есімі көшеге берілді

26 қарашада Алматыдағы Азаматтық көшесіне әдебиеттанушы ғалым Мұсылман Базарбаевтың есімі берілді.

2022 жыл – Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде ант берді

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Ол Конституцияға қолын қойып, Қазақстан халқына ант берді. Анттан кейін Мемлекеттік Әнұран орындалып, Ақорда резиденциясының үстіне Мемлекеттік Ту көтерілді.

Әлемде

1917 жыл – Ұлттық хоккей лигасы құрылды

Канаданың Монреаль қаласында Ұлттық хоккей лигасы (NHL) құрылды. Құрылтай жиынына Монреальдың екі клубы, Оттава мен Квебек командаларының өкілдері қатысты. Лиганың алғашқы матчтары сол жылдың 19 желтоқсанында өтті.

1965 жыл – Франция алғашқы жерсерігін ұшырды

Франция "Astérix" жерсерігін Алжирдегі Хаммагир ұшыру алаңынан "Diamant" зымыранымен ғарышқа шығарды. Осылайша Франция КСРО мен АҚШ-тан кейін өз зымыранымен жерсерігін орбитаға шығарған үшінші ел атанды.

2018 жыл – NASA аппараты Марсқа қонды

NASA-ның "InSight" аппараты Марс бетіне сәтті қонды. Аппарат Қызыл ғаламшардың қыртысын, мантиясы мен ядросын зерттеуге арналған. Ғалымдар Марстың ішкі құрылымын анықтау үшін ондағы сейсмикалық тербелістерді өлшеді.

26 қарашада қандай атаулы күн бар?

26 қараша – Дүниежүзілік тұрақты көлік күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді 2023 жылы бекітті. Мақсаты – қоршаған ортаға зияны аз көлік түрлерін дамытуға және көлік инфрақұрылымын баршаға қолжетімді етуге назар аудару.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу