Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызының оқуға тапсырған құжаттары жалған болып шықты: депутат әкесі неге сотталды?

Оқиға •
Қызының оқуға тапсырған құжаттары жалған болып шықты: депутат әкесі неге сотталды?
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Бір әйел медицина факультетіне түсу үшін жалған құжат тапсырған. Арада бірнеше жыл өткенде университет оны оқуға қабылдау туралы шешімін жойды. Ал әкесі балаларының оқуына қатысты заң бұзушылықтар мен мемлекеттік тексеруге заңсыз араласқаны үшін сотталып, депутаттық мандатынан айырылды, деп Malim.kz, Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжаттардың жалған екені қалай анықталды?

2014 жылы әйел анасының көмегімен медицина факультетіне құжат тапсырған. Іс материалдарында оқуға қабылдау жөніндегі өтініш, ілеспе хат пен марапаттау құжатының бұрмаланғаны көрсетілген. Сот оның анасы университет ректорының мақтау қағазын қолдан жасағанын және қызына тағылымдамадан өткені туралы жалған анықтама алуға көмектескенін анықтады.

Әйел медицина факультетіне 2015 жылы қабылданған. 2022 жылы анасына қатысты сот үкімінен кейін университет оны оқуға қабылдау туралы шешімін жойды. Әйел университет шешіміне сотта шағымданғанымен, сот оның талабын қанағаттандырмады. Ал 2025 жылы жалған құжаттар ісі бойынша оған салынған айыппұл заңды күшіне енді.

Әкесі не үшін сотталды?

Әйелдің әкесі бұған дейін әділет министрі болған, кейін парламентке сайланған. Сот оны балаларының жоғары оқу орындарына түсуіне көмектесу үшін ықпалын пайдаланғаны және президенттің кеңесшісі болып жүргенде жемқорлыққа қатысты тексеруге заңсыз араласқаны үшін кінәлі деп тапты. 2024 жылдың желтоқсанында Жоғарғы сот екі жылдық түрме жазасын күшінде қалдырды. Осы үкімнен кейін ол депутаттық мандатынан айырылды.

Бұрынғы депутат жазасының сегіз айын өтеді. 2025 жылдың тамызында президент оған рақымшылық жасап, ол түрмеден босатылды.

Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу