Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыс құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жұмысқа орналасу кезінде орын алуы мүмкін заң бұзушылықты анықтады

Қоғам •
Қазақмыс құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жұмысқа орналасу кезінде орын алуы мүмкін заң бұзушылықты анықтады
Фото: Қазақмыс

Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында "Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорындарына жұмысқа орналастыруға байланысты заңға қайшы әрекеттер болуы мүмкін үш жағдай анықталды. Компанияның мәліметінше, аталған деректер бойынша қылмыстық істер тіркелген, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылғы қарашада "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Қауіпсіздік қызметі мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде корпорацияның кәсіпорындарына жұмысқа орналасуға байланысты құқыққа қайшы әрекеттің үш дерегі анықталды. Оқиға Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында тіркелген.

Аталған деректер бойынша алаяқтық және коммерциялық параға сатып алу бабымен үш қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақмыс сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне, алаяқтыққа және жұмысқа орналастыру барысында заңсыз делдалдық әрекеттерге жол бермеу қағидатын берік ұстанады.

Естеріңізге саламыз, Қазақмысқа жұмысқа орналасу тек ашық конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады және бұл қызмет тегін көрсетіледі. Барлық өзекті бос жұмыс орындары https://career.kazakhmys.kz/home ресми мансап порталында жарияланады. Үміткерлерді іріктеудің ешбір кезеңінде ақша төлеу немесе қандай да бір сыйақы беру талап етілмейді.

Жұмысқа орналастыру кезінде жеке пайда табу мақсатында қызметтік жағдайын немесе корпорация қызметкері мәртебесін пайдалануға жол берілмейді. Анықталған әрбір дерек заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Қазақмыс жұмыс іздеушілерді тек ресми жұмысқа орналасу арналарына жүгінуге, белгілі бір сыйақы үшін жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін ұсыныстарға сенбеуге және делдалдарға немесе өзге де тұлғаларға ақша бермеуге шақырады.

Корпорация жұмыскерлері мен компанияға қатысы бар өңірлердің тұрғындарын осындай жағдай туралы ақпарат болса, бұл жөнінде дереу хабарлауға шақырады.

Күдікті ұсыныстар туралы ақпаратты SENIM жедел желісіне 8-800-080-8089 нөмірі арқылы (қоңырау шалу тегін) немесе тікелей құқық қорғау органдарына жеткізуге болады.

Қазақмыс жұмысқа орналасу кезінде орын алатын заңсыз әрекеттердің алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу