Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Өсек айтуға уақыты болмауы керек”: Динара Сәтжан әйелдерге қатысты ойын бөлісті

Шоу-бизнес •
“Өсек айтуға уақыты болмауы керек”: Динара Сәтжан әйелдерге қатысты ойын бөлісті
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ арқылы өңделген

Танымал тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан әйелдерге қатысты өз ұстанымын білдірді. Ол әйел адамның қандай болуы керектігі жөніндегі көзқарасын айтып, көпшілікке кеңес берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Динара Сәтжан әйел адамның ең алдымен өз өміріне көңіл бөліп, жеке дамуына назар аударуы маңызды деп есептейді.

“Әйел адам өзіне ұнауы керек. Мақсаттарына, армандарына жетуі керек. Менің ойымша, әрдайым позитивті болуы керек, күліп, жарқырап жүруі керек. Сонда бәрі жақсы болады. Өсек айтпауы қажет. Өсек айтуға уақыты болмауы керек”, – деді тележүргізуші.

Динара Сәтжан кім?

Динара Сәтжан – қазақстандық журналист, тележүргізуші, кәсіпкер, сән продюсері және блогер. Ол 1982 жылы 21 қыркүйекте Қарағанды облысының Жаңаарқа өңірінде дүниеге келген.

Телевизиядағы еңбек жолын студент кезінде “Шахар” телерадиокомпаниясында бастап, Music Station бағдарламасын жүргізген. Кейін “Астана” және “Хабар” телеарналарында қызмет атқарды. “Статус QUO”, “Sky Студия” бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі болды. 2019 жылы “Хабар” агенттігінің бас продюсері қызметіне тағайындалды.

Динара Сәтжан сән индустриясында да кәсіп жүргізеді. Ол Dinara Satzhan киім брендінің және қазақстандық дизайнерлердің өнімдерін ұсынатын мультибрендтік дүкендер желісінің негізін қалаған. Сондай-ақ LATE NIGHT SHOW with Dinara Satzhan атты YouTube жобасында танымал тұлғалардан сұхбат алып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу