Қазақстанның айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің 28 қарашадағы бағамы белгілі болды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында америкалық валютаның сатылу құны 460 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Malim.kz.
28 қарашада еліміздің үш ірі қаласындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы бір-бірінен аздап ерекшеленеді. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, доллардың ең жоғары сату бағасы Астанада тіркелген. Елордадағы айырбастау орындарында бір доллар 460 теңгеден сатылып жатыр.
Астанада доллар мен еуро қанша тұрады?
Астанада 28 қарашадағы валюта бағамы мынадай:
- Доллар: сатып алу – 453 теңге, сату – 460 теңге.
- Еуро: сатып алу – 496 теңге, сату – 506 теңге.
- Рубль: сатып алу – 5,20 теңге, сату – 5,40 теңге.
Алматыдағы валюта бағамы
Алматыда доллардың сату бағасы Астанаға қарағанда сәл төмен.
- Доллар: сатып алу – 457,54 теңге, сату – 459,62 теңге.
- Еуро: сатып алу – 499,85 теңге, сату – 504,21 теңге.
- Рубль: сатып алу – 5,25 теңге, сату – 5,36 теңге.
Шымкентте доллар қанша теңге?
Шымкенттегі айырбастау орындарында америкалық валютаның сату бағасы 459,59 теңгені құрады.
- Доллар: сатып алу – 456,72 теңге, сату – 459,59 теңге.
- Еуро: сатып алу – 500,52 теңге, сату – 505,12 теңге.
- Рубль: сатып алу – 5,27 теңге, сату – 5,33 теңге.