Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Доллар арзандады: 6 қарашадағы валюта бағамы

Экономика •
Доллар арзандады: 6 қарашадағы валюта бағамы
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

6 қарашада Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 4,02 теңгеге төмендеп, 447,14 теңгені құрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада күннің бірінші жартысында айырбастау пункттері долларды орта есеппен 446 теңгеден сатып алып, 453 теңгеден сатқан. Еуроның сатып алу бағамы 499 теңге, сату бағамы 509 теңге болған. Ресей рублі 5,20 теңгеден қабылданып, 5,40 теңгеден ұсынылған.

Алматыда доллардың орташа сатып алу бағасы 447,60 теңге, сату бағасы 450 теңге болды. Еуро 496,90 теңгеден сатып алынып, 505,60 теңгеден сатылған. Рубльдің сатып алу бағамы 5,21 теңгені, сату бағамы 5,34 теңгені құрады.

Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар орта есеппен 448,20 теңгеден сатып алынып, 449,90 теңгеден сатылды. Еуро бағамы сатып алуда 502 теңге, сатуда 506,80 теңге болды. Рубль тиісінше 5,24 және 5,31 теңгеден айырбасталды. Қолма-қол валюта бағамдары күн ішінде өзгеруі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу