Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі асыға күткен қуанышты жаңалығын жеткізді

Қоғам •
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі асыға күткен қуанышты жаңалығын жеткізді
Фото: instagram.com/t_a_d_d_s_ (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман Талғатқызы кәсіпкерлікке қадам басып, әйелдерге арналған жеке киім брендін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында TADDS атауымен шығарылған киім үлгілерін таныстырған. Ол әйелдерге арналған екілік костюмдер тігіп, өз өнімдерін Instagram арқылы сатуды қолға алған.

Жаңа брендтің ерекшелігі – киімдердің сәнділігі мен күнделікті өмірге ыңғайлы болуы. Айманның айтуынша, костюмдерді тек күнделікті серуенге ғана емес, түрлі жиындар мен кездесулерге де киюге болады.

Кәсіпкер бірнеше түсте ұсынылған киім үлгілерінің сапасына ерекше көңіл бөлгенін жеткізді. Кейбір костюмдердің жеңі сәндік қауырсындармен көмкерілген. Аталған әшекей сегіз қабат қауырсыннан жасалған және оны қажет болған жағдайда шешіп тастауға болады.

"Тазалықпен, махаббатпен, ұқыптылықпен, сапамен арнайы тігілген екілік", – деп жазды Айман Талғатқызы.

Бір қызығы, Айман жаңа коллекциясын жарнамалау үшін кәсіби модельдерді шақырмаған. Ол өзі дайындаған киімдерді киіп, түрлі түстері мен үлгілерін әлеуметтік желідегі оқырмандарына көрсеткен.

Айман Талғатқызы өнімдерінің сыртқы келбетімен қатар, матасының сапасы мен киюге қолайлылығына да басымдық беретінін атап өткен.

Еске сала кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы Қарағандыға барған кезде командасындағы адамдардың көпшілігімен бірге сырқаттанып қалғанын жеткізген еді.

Тұрсынбек Қабатов кім?

Тұрсынбек Қабатов – қазақстандық танымал әзілкеш, актер, тележүргізуші және КВН ойыншысы. Ол 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Ақпәтер ауылында дүниеге келген.

Өнер иесі шығармашылық жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастаған. Кейін Көңілді тапқырлар клубында (КВН) өнер көрсетіп, көпшілікке кеңінен таныла түсті.

Студенттік жылдары "Аграрка сарбаздары", "Астана.kz" және "Казахи" командаларының құрамында ойнаған. Әсіресе "Казахи" командасындағы өнері оның танымалдығын арттырды. 2010 жылы аталған команда КВН Жоғарғы лигасының вице-чемпионы атанды.

Кейін Тұрсынбек Қабатов жеке шығармашылығын дамытып, еліміздің әр өңірінде әзіл-сықақ концерттерін өткізе бастады. Ол күнделікті тұрмыстағы оқиғаларды, қоғамдағы өзекті мәселелерді және адамдар арасындағы қарым-қатынасты әзіл арқылы жеткізуімен ерекшеленді.

Сахнагер "Базар жоқ" театрының шығармашылық жобаларына қатысып, телевизиялық бағдарламалар мен продюсерлік жұмыстарда да белсенділік танытты. Сондай-ақ "Әзіл әлемі" ұжымының қызметіне араласқан.

Өнер саласындағы еңбегі үшін бірқатар марапатқа ие болды. 2014 жылы "Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі" атағын алып, Қазталов ауданының құрметті азаматы атанды. Ал 2015 жылы оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

Тұрсынбек Қабатов бүгінде қазақ әзіл-сықақ өнеріндегі танымал тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты жаңалықтар көпшіліктің назарын аударып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу