Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова әлем кубогының жартылай финалына шықты

Спорт •
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова әлем кубогының жартылай финалына шықты
Карина Ибрагимова. Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2026 жылғы әлем кубогының қорытынды кезеңінде жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз ширек финалда қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, кемінде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Карина Ибрагимова жарыстағы алғашқы жекпе-жегін Қытай Тайбэйінің өкілі Ши Ю Виге қарсы өткізді. Қазақстандық спортшы үш раундтың қорытындысы бойынша басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Есеп – 5:0.

Карина Ибрагимованың келесі қарсыласы – Сербия атынан өнер көрсететін Наталья Шадрина. Шадрина 2025 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде иеленген. Енді қазақстандық боксшы финалға жолдама алу үшін сербиялық спортшымен жұдырықтасады.

Карина Ибрагимованың жеңісі Ташкентте өтіп жатқан әлем кубогының осы кезеңіндегі Қазақстан құрамасы үшін алғашқы табысты жекпе-жек болды. Бұған дейін 50 келі салмақта бақ сынаған Даниял Сәбит ширек финалда Өзбекстан өкілі Шодиёржон Меликузиевпен кездескен. 2024 жылғы Азия чемпионы атанған өзбекстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, қазақстандық спортшы жарысты аяқтады.

Ал кешкі сессияда Қазақстан атынан тағы үш боксшы шаршы алаңға шығады. Олар – Шұғыла Нәлібай (75 келі), Өнер Сейілхан (80 келі) және Валерия Аксенова (80 келі).

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу