Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір күн қалды: Қазақстанда көлік жүргізушілеріне қатысты талап күшіне енеді

MALIMet •
Бір күн қалды: Қазақстанда көлік жүргізушілеріне қатысты талап күшіне енеді
Дөңгелек. Көрнекі фото: Massimo Calmonte / Getty Images

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен көлік жүргізуге тыйым салынады. Бұл талап елдің барлық өңірінде ауа райына қарамастан қолданылады. Ережені бұзған жүргізушілерге айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық жүргізушілерге көліктерін қысқы маусымға дайындау үшін санаулы күн қалды. Қолданыстағы талапқа сәйкес, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін автокөліктер қысқы дөңгелектермен жабдықталуы тиіс.

Бұл ереже еліміздің барлық өңірінде міндетті. Яғни күн жылы болып, жолда қар немесе көктайғақ болмаса да, жазғы дөңгелекпен жүруге рұқсат етілмейді.

Қандай дөңгелектермен жүруге болады?

Қыс мезгілінде жүргізушілер шегелі немесе қысқы жол жағдайларына арналған арнайы таңбасы бар дөңгелектерді пайдалануы қажет.

Мұндай шиналарда үш шыңы бар тау мен қар ұшқынының белгісі немесе M+S, M&S, M S таңбалары болуы мүмкін. Қысқы дөңгелектер көліктің барлық төрт доңғалағына орнатылуға тиіс.

Тек алдыңғы немесе артқы екі дөңгелекті ауыстыру талапты толық орындау болып саналмайды. Сонымен қатар бір оське өлшемі, құрылымы, протекторы әртүрлі немесе шегелі және шегесіз шиналарды араластырып орнатуға тыйым салынады.

Дөңгелектің тозу деңгейі де тексеріледі

Мамандар қысқы шинаның таңбасына ғана емес, техникалық жағдайына да назар аудару қажеттігін ескертеді. Қысқы дөңгелектің протектор тереңдігі кемінде 4 миллиметр болуы тиіс.

Протекторы шамадан тыс тозған шиналар көліктің жолмен ілінісуін нашарлатып, әсіресе қар мен көктайғақ кезінде қауіп төндіреді.

Айыппұл қанша болады?

1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

2026 жылы бұл сома 21 625 теңге болады. 2027 жылы айыппұл мөлшері 23 465 теңгеге жетеді.

Тағы да оқыңыз: Chevrolet Cobalt сатып алған адам бес жылда қанша ақша жұмсайды?

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу