Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Таяқ жедім": Мөлдір Мұқанның қызы анасының әрекетін айтты

Шоу-бизнес •
"Таяқ жедім": Мөлдір Мұқанның қызы анасының әрекетін айтты
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанның тұңғыш қызы Әдемі анасының киімге қатысты талғамы туралы қызықты жайтты бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әдемі өзіне жасанды аң терісінен тігілген ішік сатып алған. Алайда қызының бұл таңдауы Мөлдір Мұқанның көңілінен шықпаған. Продюсер оған ұрсып, кейін табиғи аң терісінен тігілген ішік алып берген.

"Экошуба алғаным үшін таяқ жедім", – деді Әдемі.

Осылайша анасы мен қызының киімге қатысты талғамы бір жерден шықпаған. Әдемі жасанды теріден тігілген киімді таңдаса, Мөлдір Мұқан қызына табиғи теріден тігілген ішік кигізуді жөн көрген.

Өнер иесі қызының таңдауымен келіспей қана қоймай, оған өз талғамына сай қыстық киім сыйлаған.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатовтың ортақ бес баласы бар. Әдемі – олардың тұңғышы.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқан қызы Айымның туған күнін ерекше атап өткенін жазған едік. Сондай-ақ өнер иесі тұңғыш қызы Әдеміге су жаңа автокөлік сыйлаған болатын.

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан (Мұқанова) – қазақстандық продюсер, әнші, актриса, кәсіпкер әрі бес баланың анасы. Көпшілікке алғашында танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы ретінде танылғанымен, кейін өнер мен кәсіпкерлік саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.

Мөлдір өнерлі отбасында дүниеге келген. Анасы да өнер адамы болған. Алайда ол 13 жасында анасынан айырылған. Бала кезінен ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық үйірмелерге қатысқан. Бауырларымен бірге "Мұқановтар" отбасылық ансамблін құрып, ауылдағы мәдени шараларда өнер көрсеткен.

Өнер иесі баян, домбыра, фортепиано және укулеле аспаптарында ойнайды. Музыкаға бала күнінен қызыққанымен, әкесінің жолын қуып, экономист мамандығын таңдаған. Жоғары оқу орнын үздік дипломмен тәмамдаған. Студенттік шағында халық аспаптары ансамблін басқарған.

Еңбек жолын 21 жасында мемлекеттік қызметтен бастаған. Өзінің сұхбаттарының бірінде Ұлттық банкте тоғыз жыл бойы бас экономист болып жұмыс істегенін айтқан.

Мөлдір Мұқан Тұрсынбек Қабатовпен Астанада танысқан. Ол кезде Мөлдір домбыра тартып, өнер көрсетсе, Тұрсынбек көңілді тапқырлар клубының ойындарына қатысқан. Кейін екеуі шаңырақ көтеріп, үш қыз бен екі ұл тәрбиеледі. Қыздарының есімдері – Әдемі, Айым және Айару.

Төртінші баласы дүниеге келгеннен кейін Мөлдір мемлекеттік қызметтен кетіп, кәсіпкерлікке бет бұрған. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған "ММ" өнер мектебін ашып, оның жұмысына өзі жетекшілік еткен.

Кейін музыкалық продюсерлікпен айналысып, әнші әрі домбырашы Ақтоты Болышеваның шығармашылығына қолдау көрсеткен. Сонымен қатар телехикаялар мен кино түсіру саласында бағын сынап, 2025 жылы "Шәй в большом городе" фильмінің продюсері болды.

Мөлдір Мұқан соңғы жылдары әншілікке де ден қойды. Ол "Өтірік", "Өмір сүр қалма елден" сынды әндерін тыңдарман назарына ұсынды. Өнер иесі әншілік бала күнгі арманы болғанын бірнеше рет айтқан.

2025 жылы Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатов ажырасқандарын жариялады. Олардың отбасылық өміріне қатысты мәлімдемелері кейін де қоғам назарында болды.

Бүгінде Мөлдір Мұқан жеке шығармашылығымен, кәсіпкерлікпен және продюсерлікпен айналысып жүр. Сондай-ақ қызы Айымның әншілік және актерлік қабілетін шыңдауына қолдау көрсетіп, оның продюсері ретінде еңбек етіп келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу