Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алты күн бойы із-түзсіз жоғалған жасөспірім күтпеген жерден табылды

Оқиға •
Алты күн бойы із-түзсіз жоғалған жасөспірім күтпеген жерден табылды
Фото дайын. Жасөспірімнің бет-жүзі көрсетілмеген. Фото: ЖИ көмегімен жасалған иллюстрация.

Досымен табиғат аясына демалуға шығып, із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірім алты күннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды , деп Malim.kz Associated Press⁠ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 6 қарашада болған. Анасы ұлын досымен бірге демалыс күндерін табиғат аясында өткізу үшін орманды аймаққа апарып тастаған. Алайда жасөспірім қажетті жабдықтарын алып келуге кетіп, қайтып оралмаған.

Досы оны өз бетінше іздегенімен, таба алмаған. Кейін іздестіру жұмыстарына жүзден астам құтқарушы, полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылған.

Алты күннен кейін тікұшақпен аумақты шолып жүрген тәртіп сақшылары жасөспірімді бұлақ маңындағы жалпақ тастың үстінде ұйықтап жатқан жерінен байқаған.

Белгілі болғандай, бала бірнеше күн бойы таулы аймақта адасып жүрген. Ол бұлақтың суын ішіп, қолындағы картоп қытырлағымен қоректенген. Түнде тоңбау үшін сүлгілерді жамылып ұйықтаған.

Құтқарушылар тікұшақтың көмегімен жасөспірімді қауіпсіз жерге жеткізіп, анасымен қауыштырған. Ұлының аман қалғанына қуанған әйел енді оны үйден шығармайтынын айтып, әзілдеген.

Жасөспірімнің денсаулығында айтарлықтай кінәрат анықталмаған. Дегенмен ол дәрігерлердің бақылауына алынды.

Оқиға Австралияның Виктория штатында болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу