Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Дариғадан аумай қалыпты": Олжас Абайдың сән көрсетіліміндегі образы көпшілікті тәнті етті

Шоу-бизнес •
"Дариғадан аумай қалыпты": Олжас Абайдың сән көрсетіліміндегі образы көпшілікті тәнті етті
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Танымал актриса Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абайдың сән көрсетілімінде модель ретінде подиумға шыққан сәтін жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында Алматыда өткен ARUNAZ Fashion Show 2026 сән кешінен бейнежазба бөлісті. Кадрдан актердің қою қызыл түсті, ою-өрнекпен безендірілген ұзын шапан киіп, көк жейде мен қара көзілдірік таққанын көруге болады.

Жұбайының жаңа образына ерекше сүйсінген актриса оған әзіл аралас жылы сөзін арнады.

"Жігітім күннен күнге бетімен кеткен краш болып бара жатыр, иә?" – деп жазды Дариға Бадықова.

Актрисаның жазбасы 12 мыңнан астам лүпіл жинап, 500-ден аса пікір қалдырылған. Олардың арасында танымал өнер иелері де бар.

Желі қолданушылары Олжас Абайды Сұлтан Сүлейменге теңеді

Актердің сән көрсетіліміндегі ерекше образы желіде қызу талқыланды. Бірі оның келбетін Сұлтан Сүлейменге ұқсатса, енді бірі ерлі-зайыптылардың киім талғамы мен жүріс-тұрысы бір-біріне ұқсап бара жатқанын әзілмен жеткізді. Кейбір оқырман Олжастың киіну мәнері Дариғаның стилінен аумай қалғанын да байқаған.

"Сұлтан Сүлейменге Хюррем сұлтан махаббат көзімен қарап отыр. Әдемі жұп", "Дариға киетін киімді Олжасқа кигізіп қойған сияқты", "Дариғаның Сүлеймен сұлтаны болып тұр", "Бөлексіз", "Модельжан", "Әрдайым орындарыңыз төрден болсын", – деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ оқырмандар жұптың бір-біріне деген ықыласына, өзара қолдауына сүйсініп, отбасылық бақыт тіледі.

ARUNAZ сән көрсетілімінде кімдер модель болды?

28 қарашада Алматы циркінде қазақстандық ARUNAZ брендінің ауқымды сән көрсетілімі өтті. Кеште сән, музыка және сахна өнері тоғысып, отандық шоу-бизнестің бірқатар өкілі модель ретінде өнер көрсетуге шақырылды.

Кештің ресми бағдарламасына сәйкес, подиумға шығатын жұлдыздар қатарында:

• Say Mo;

• Nazima;

• Айжұлдыз;

• Диас Сикстирич;

• Мерекуша;

• Азамат Сатыбалды;

• Қарақат Әбділдина;

• Бүркіт пен Айша;

• Анель Кенжебекова;

• Жұлдыз Әбдікәрімова;

Bota Mia сынды танымал тұлғалар болды.

Ал Дариға Бадықова жариялаған бейнежазба Олжас Абайдың да сән көрсетіліміне модель ретінде қатысқанын көрсетті.

Кештің арнайы қонақтары қатарында Қайрат Нұртас, Sadraddin, Зарина Алтынбаева, QANAY және ABYROY есімдері аталды.

Сән кешінің ерекшелігі неде?

Биылғы көрсетілім бес бағытты қамтыды. Атап айтқанда, балалар мен ерлерге арналған киімдер, рок стиліндегі үлгілер, қазақы нақыштағы киімдер және жоғары сән топтамасы таныстырылды.

Кештің айрықша бөлімдерінің бірі қазақтың әйгілі әншісі Роза Бағланованың құрметіне арналған ұлттық киімдер топтамасы болды.

Ұйымдастырушылар сән көрсетілімін музыкалық бағдарламамен ұштастырған. Кеш бағдарламасына опера әншісі Зарина Алтынбаева, QANAY, ABYROY және өзге де өнерпаздардың музыкалық нөмірлері енгізілген.

ARUNAZ қандай бренд?

ARUNAZ – ұлттық нақыш пен заманауи сәнді үйлестіретін қазақстандық киім бренді. 2014 жылы негізі қаланған сән үйі өз топтамаларын Kazakhstan Fashion Week аясында да таныстырып келеді.

Брендтің киімдерін әр жылдары Роза Рымбаева, Мадина Сәдуақасова, Баян Алагөзова, Айша, Лидо және Кәмшат Жолдыбаева секілді танымал өнер иелері киген.

Айта кетейік, Дариға Бадықованың да аталған сән үйімен байланысы бар. Биыл қазан айында актриса Олжас Абай екеуінің үйлену тойына ARUNAZ бренді арнайы көйлек тігіп бергенін айтқан.

Еске салайық, Дариға Бадықова мен Олжас Абай биыл қазан айында Алматыда дүркіретіп үйлену тойын өткізген еді. Олардың қуанышына қазақ эстрадасы мен кино саласының көптеген өкілі ортақтасқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу