Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы денсаулығына қатысты жаңалықтардан кейін жағымсыз пікір жазғандарға үн қатты. Ол әлеуметтік желідегі әңгімелерге қарамастан, кәсібін жалғастырып жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Айманның сөзінше, оның сырқаттанып қалғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін кейбір желі қолданушылары теріс пікір қалдырған. Бұған жауап ретінде ол саудасын жасап, күнделікті жұмысымен айналысып жүргенін айтты.
"Хейтекеш хейтекеңдер денсаулығы сыр берді деп жаңалық ашып, соған аңғал адамдар қарғап, шаршап коммент жазып отырғанда, мен шүкір, саудамды жасап отырмын. Бұралаң сөз бұтыма", – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Айманның Қарағандыға барған кезде командасындағы адамдармен бірге сырқаттанып қалғаны туралы жазған едік. Кейін ол TADDS брендімен әйелдерге арналған киімдер шығара бастағанын хабарлаған.
Тұрсынбек Қабатов кім?
Тұрсынбек Қабатов – қазақстандық әзілкеш, сатира әртісі және тележүргізуші. Ол 1979 жылғы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген.
Көпшілікке сахнадағы әзілдері, жеке концерттері мен телевизиялық жобалар арқылы танылды. Шығармашылығында күнделікті тұрмыс, отбасылық қарым-қатынас және қоғамдағы түрлі жағдайларды әзілмен жеткізеді. 2011 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің "Әзіл әлемі" әзіл-сықақ театрына жетекшілік еткен.
Өнердегі еңбегі үшін 2014 жылы "Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі" атанып, Қазталов ауданының құрметті азаматы атағына ие болды. 2015 жылы оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.