Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Заманауи, таза әрі жанға жайлы": Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты

MALIMet •
"Заманауи, таза әрі жанға жайлы": Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты

Ресейдің танымал әншісі әрі музыкалық продюсері Валерий Меладзе елордада өткен концертінде Қазақстан астанасы туралы әсерін жеткізді. Өнер иесі елорданы әлемдегі ең әдемі әрі таза қалалардың бірі ретінде бағалады, деп хабарлайды Malim.kz.

Көрерменге арнаған сөзінде әнші өзін мұнда қазақстандықтардың жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астанада қайта өнер көрсетуге мүмкіндік туғанына қуанышты екенін айрықша атап өтті.

"Осындай зор ықыласпен, құшақ жая қарсы алғандарыңызға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Рақмет сіздерге, қымбаттыларым! Шын жүректен алғыс айтамы", – деді Валерий Меладзе.



Сондай-ақ өнер иесі елорданың сәулеттік келбеті мен ерекшелігіне тоқталды. Оның айтуынша, Астана әсемдігін, тазалығын және ерекше атмосферасын сақтай отыра қарқынды дамып келеді.

"Әдемі, таза, көрікті, жанға жайлы әрі заманауи қала. Менің ойымша, әлемдегі ең таза қала", – деп атап өтті әнші.



Валерий Меладзе бұған дейінгі Астанаға сапарларын да еске алып, содан бергі жылдар ішінде қаланың айтарлықтай өзгеріп, жаңарғанын айтты.

Сөз соңында өнер иесі елорданың өркендеп, дами беруіне тілектестік білдіріп, соңғы жарты жылда алғаш рет осыншалықты ұзақ кіріспе сөз сөйлегенін әзілмен жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу