Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін: Қазақстан СІМ маңызды мәлімдеме жасады

Қоғам •
Шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін: Қазақстан СІМ маңызды мәлімдеме жасады
Шенген визасы. Көрнекі фото: Aslan Alphan/Getty Images

Қазақстан азаматтарына Шенген визасын рәсімдеу тәртібі жеңілдеуі мүмкін. Бұл мәселе бойынша Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы келіссөздер ілгері сатыға жеткен. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

9 қарашада өткен брифингте журналистер СІМ өкілінен қазақстандықтарға Шенген визасын беру талаптарын жеңілдету жөніндегі келіссөздердің қашан аяқталатынын сұрады.

Жанболат Үсенов келіссөздер жалғасып жатқанын, алайда оның барлық егжей-тегжейін әзірге жариялауға болмайтынын айтты.

"Келіссөздер ілгері сатыда, процесс жүріп жатыр. Біз еуропалық серіктестерімізге түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамыз. Біз көптеген мәселеде түсіністік тауып жатырмыз. Ақылға қонымды мерзімде оң нәтиже шығатынына үміттенемін", – деді ол.

Шенген визасын алу тәртібінде не өзгеруі мүмкін?

Журналистер қазақстандықтар үшін визалық алымның мөлшерін төмендету мәселесін де көтерді.

Сонымен қатар виза беруден негізді түрде бас тартылған жағдайда төленген қаражаттың бір бөлігін қайтару мүмкіндігі талқыланып жатқаны сұралды.

СІМ өкілі бұл мәселелер бойынша нақты келісімге қол жеткізілгенін растамады. Дегенмен Қазақстан шетелдермен визалық келіссөз жүргізген кезде азаматтарға тиімді шарттар ұсынуға басымдық беретінін жеткізді.

"Келіссөз процесін егжей-тегжей ашып айта алмаймын. Бірақ сіз айтып отырған мәселелерді біз қазақстандықтар визасыз жүре алмайтын әрбір елмен келіссөзде көтереміз.

Біздің басты мақсатымыз әрқашан – басқа елмен келіссөз жүргізу кезінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді қамтамасыз ету. Аралық мақсат – бұл, әрине, визалық алымдарды төмендету, мерзімдерін ұзарту, құжаттар санын қысқарту және т.б. Бұл кез келген елмен келіссөзде айтылады", – деді Жанболат Үсенов.

Жаңа тәртіп қашан күшіне енеді?

Қазақстан мен Еуропалық одақ Шенген визасын рәсімдеу талаптарын жеңілдету жөніндегі ресми келіссөздерді 2025 жылғы 2 желтоқсанда Брюссельде бастаған.

Тараптар визалық режимді жеңілдету және реадмиссия мәселелері бойынша келісімдер әзірлеп жатыр.

Алайда Жанболат Үсенов келіссөздердің нақты қашан аяқталатынын немесе тиісті құжаттарға 2026 жылдың соңына дейін қол қойылатынын айтқан жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу