Ертең, 14 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп Malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада түнде жауын-шашын болмайды, күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде −2…−4, күндіз 0…+2 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде −3…−5 градус аяз, күндіз +5…+7 градус жылы. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жел соғады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2, күндіз +9…+11 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді.
Ақмола облысында түнде батысы мен солтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар күтіледі. Түнде 0…−5, күндіз −2…+3 градус. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Ақтөбе облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз осы аумақтарда жаңбыр күтіледі. Температура түнде −3…+2, күндіз +4…+9 градус. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 9–14, батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 метрге жетеді.
Алматы облысында таулы аудандарда түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстігінде, орталығында және тауларда тұман түседі. Түнде −1…−6, тауларда −9…−14 градус; күндіз +2…+7, тауларда −1…−6 градус болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, шығысында және тауларда екпіні 15–20 метрге жетеді.
Атырау облысында жаңбыр жауады. Түнде +3…+8, күндіз +6…+11 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр күтіледі. Түнде +2…+7, күндіз +8…+13 градус жылы. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9–14, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 метрге жетеді. Күндіз батысы мен солтүстігінде жел кей уақытта секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады. Батысында тұман түседі. Түнде +5…+10, солтүстігі мен оңтүстігінде +2 градус; күндіз +10…+15, солтүстік-шығысында +7 градус болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, түнде батысында екпіні 15–20 метрге жетеді.
Қостанай облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде −3…+2, күндіз 0…+5 градус. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде 0…−5, күндіз −2…+3 градус. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Павлодар облысында батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Шығысы мен орталығында тұман түседі. Түнде −2…−7, күндіз 0…+5 градус. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады.
Қарағанды облысында солтүстігі мен шығысында түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде −5…−10, оңтүстігінде −2 градус; күндіз −3…+2, оңтүстігінде +5 градус болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Ұлытау облысында солтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Түнде −5…−10, күндіз −2…+3 градус. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Абай облысында түнде солтүстігі мен орталығында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде −1…−6, күндіз −2…+3 градус. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде қар, күндіз солтүстігінде, шығысында және тауларда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде және тауларда жаяу бұрқасын, батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Түнде 0…−5, шығысы мен тауларында −8 градус; күндіз −2…+3, шығысы мен тауларында −5 градус болады. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Жетісу облысында таулы аудандарда түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде, орталығында және тауларда тұман түседі. Түнде −3…−8, тауларда −11 градус; күндіз +2…+7, тауларда −2 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9–14, орталығы мен тауларында екпіні 15–20 метрге жетеді.
Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстігінде және таулы аудандарда тұман күтіледі. Түнде 0…−5, тауларда −8 градус; күндіз +6…+11, тауларда +1 градус болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Түркістан облысында жауын-шашын күтілмейді. Батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Түнде −2…+3, солтүстігі мен тауларында −5 градус; күндіз +7…+12, тауларда +4 градус болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жел соғады.
Қызылорда облысында күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0…−5, күндіз +5…+10 градус болады. Шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады.