Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Салтанатқа экс-күйеуі туралы не себепті ескерту жасамағанын айтты

MALIMet •
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Салтанатқа экс-күйеуі туралы не себепті ескерту жасамағанын айтты
Назым Кахарман ©️ youtube/@Assel_Kozhakova

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман Салтанат Нүкеноваға экс-күйеуінің мінезі туралы неліктен алдын ала ескерту жасамағанын түсіндірді. Оның айтуынша, Салтанатты мүлде танымайтындықтан әрі ажырасқаннан кейін бұрынғы күйеуінің жаңа қарым-қатынасына араласуды әдепсіздік деп санаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Назым Қаһарманның сөзінше, ол Салтанатқа арнайы барып, Қуандық Бишімбаев туралы жағымсыз пікір айтуды орынсыз әрі қисынсыз деп қабылдаған.

«Салтанатқа барып, оны жамандауды қажетсіз нәрсе деп санадым. Мұны қисынсыз әрі әдепке жат әрекет деп ойладым», – деді ол.

Алайда Салтанаттың қайтыс болғанын естігеннен кейін Назым оған бұрынғы күйеуінің мінезі туралы алдын ала ескерту жасамағанына өкінетінін жеткізді. Оның айтуынша, Салтанат пен Қуандықтың үйленетіні белгілі болған кезде абысынына хабарласып, қызға ескерту жасауын өтінген. Дегенмен бұл әңгіменің Салтанаттың өзіне жеткен-жетпегені белгісіз.

Назым Қаһарман Салтанатқа қандай үш кеңес берер еді?

Бұрынғы жұбайының айтуынша, Салтанатқа берер алғашқы кеңесі – қарым-қатынаста тым жұмсақ болмау, жеке шекарасын сақтап, өзін қорғай білу.

«Бірінші кеңесім – жұмсақ болмау. Яғни берік болу, өз шекараңды сақтау, өзіңді қорғау және оның мойныңа отыруына жол бермеу. Өйткені мұндай адамдар мейірімділікті әлсіздік деп қабылдайды. Кейін соны пайдаланып, шектен шыға бастайды», – деді Назым.

Екінші кеңесінде ол Салтанатқа Бишімбаевтың ата-анасынан мүмкіндігінше алыс жүруге кеңес беретінін айтты. Назымның пікірінше, бұрынғы күйеуінің ата-анасы оның өміріне де, отбасылық қарым-қатынасына да кері әсер еткен.

«Екінші кеңесім – Салтанат мүмкіндігінше оның ата-анасынан аулақ жүруі керек еді. Менің ойымша, олар – зұлым адамдар. Баласының өміріне де, отбасылық өміріне де үлкен зиян келтірді», – деді Қаһарман.

Үшінші кеңесінде Назым Бишімбаевпен бірге тұрған жылдарын еске алып, балалары дүниеге келгеннен кейін олардың қарым-қатынасында қандай өзгерістер болғанын баяндады.

«Үшінші кеңесім сіздерге оғаш естілуі мүмкін. Бірақ мен оған одан бала тумауға кеңес берер едім. Өйткені ол өте өзімшіл, тек өзін ойлайтын, әлі де есейіп үлгермеген адам болатын. Менің назарым балаға ауғанына қызғанышпен қарайтын. Үшінші балам дүниеге келгеннен кейін оның маған опасыздық жасап жүргенін біле бастадым», – деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Қуандық Бишімбаевтың ісі

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы BAU мейрамханасында болған.

Тергеу мәліметінше, Бишімбаев әйелін ұрып-соғып, оның өліміне себеп болған. 2024 жылғы 13 мамырда сот оны аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оқиғаға қатысы бар деп танылған Бақытжан Байжанов төрт жылға сотталды.

Бұған дейін Назым Қаһарман бұрынғы күйеуінің туыстарымен тағы да соттасуға мәжбүр екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл жолы одан 22 миллион теңге өндіріп алу талап етілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу