Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бөлмесіне мүлде кірмеймін": Айгүл Иманбаева отбасындағы қандай тәртіпті айтты?

Шоу-бизнес •
"Бөлмесіне мүлде кірмеймін": Айгүл Иманбаева отбасындағы қандай тәртіпті айтты?
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева келін түскен үйде ата-ененің де кейбір әдеті өзгеретінін айтты, деп Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Динара Сәтжанға берген сұхбатында өнер иесі келін мен ата-ененің қарым-қатынасына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа түскен келін ғана үй ішінің тәртібіне үйренбейді. Үлкендер де келіннің алдында жүріс-тұрысына, сөзі мен киіміне мән бере бастайды.

"Келін үйге сені тәрбиелеу үшін келеді. Ата-енені тәрбиелеу. Мысалы, шорты киіп жүретін аталар шалбар киіп шығады. Майкамен шықпайды", – деді Айгүл Иманбаева.

Әнші бұрын балаларының көзінше күйеуіне ренішін айта салатын ананың өзі келін келген соң сабырға көшіп, кей сөзін көзқарасымен ұқтыратынын мысал етті. Ол мұны келіннің үлкендерге де тигізетін тәрбиесі деп түсіндірді.

Сұхбат барысында актриса өз отбасында ұстанатын тәртібін де бөлісті. Ұлы есейген сайын оның оңаша болуына, өз кеңістігінің сақталуына көңіл бөле бастаған. Ал ұлы үйленгеннен кейін ерлі-зайыптылардың бөлмесіне мүлде кірмейтін болған.

Өнер иесінің пікірінше, бір шаңырақта тұратын адамдардың бір-бірінің жеке өмірін сыйлауы отбасындағы татулыққа ықпал етеді.

Айгүл Иманбаева кім?

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева – қазақстандық әнші, театр және кино актрисасы. Ол 1977 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданының Кенен ауылында дүниеге келген. Өнер жолында әншілікті актерлікпен қатар алып жүріп, тележүргізуші ретінде де танылды.

Шығармашылық жолы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрымен байланысты. Театр сахнасында "Қыз Жібек" қойылымында Жібекті, "Таланған тағдырда" Гүлжанды, "Желтоқсан желінде" Ақмаралды сомдаған. Телевизия көрермендеріне "Ұят болмасын" бағдарламасындағы келін бейнесімен де таныс.

Әнші репертуарында "Жаным", "Махаббат мұңы", "Мен ғашық өмір", "Үмітім менің" секілді туындылар бар. Кино саласында "Сүйінші", "Ғашық жүрек" фильмдеріне түскен. "Ғашық жүрек" картинасында Майра Итаяқованың рөлін ойнап, туындының екінші бөліміне де қатысқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу