Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Екі сағаттай әңгімелестік": Қымбат Әбілдақызы Нұрғали Нүсіпжановпен түнгі кездесуін баяндады

Шоу-бизнес •
"Екі сағаттай әңгімелестік": Қымбат Әбілдақызы Нұрғали Нүсіпжановпен түнгі кездесуін баяндады
Фото-коллаж: видеодан скриншот / malim.kz

Ақын, журналист Қымбат Әбілдақызы Алматыдағы "Оқжетпес" шипажайында Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановпен кездескенін айтып, әңгімелескен сәтінен бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаламгердің айтуынша, бұл сұхбат түннің бір уағында түсірілген. Ол таныстарымен таза ауада серуендеп, бөлмесіне қайтып келе жатқанда әншінің жұбайы, журналист Жадыра Сейдешке жолыққан.

"Бүгін келдік, кезекшіден ағаңыздың дәрі-дәрмегін алуға шықтым", – деген Жадыра оны қонаққа шақырған.

"Жүріңізші, бізге кіріп шығыңызшы, сізді жақсы көреді ғой", – деп қолқалағанын жазды Қымбат Әбілдақызы.

Түн болғанына қарамастан, қаламгер шақыруды қабыл алған. Бөлмеге жеткенде Нұрғали Нүсіпжановтың қонағын есік алдында күтіп тұрғанын көрген.

"Аға есік сыртына шығып, баяғының сүйгенін күткен жігіттеріндей болып күтіп тұр. Содан әңгімеміз жарасып, екі сағаттай отырдық. Мына оймақтай ой – сол күннен бір естелік!" – деп жазды ол.

Жазба авторы әншіні "әншілердің әншісі, қазақ ән өнерінің аңызы, абызы" деп атап, кездесуден қалған естелігін оқырманымен бөліскен.

Қымбат Әбілдақызы кім?

Қымбат Әбілдақызы – ақын, журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері, балаларға арналған "Айгөлек" журналының бас редакторы. Ол ұзақ жылдар бойы балалар баспасөзінде еңбек етіп, жас оқырманның ана тілі мен әдебиетке ықыласын арттыруға атсалысып келеді.

Қарағанды өңірінде дүниеге келген қаламгер университетті үздік бітіргеннен кейін Қазақ телевизиясына қызметке шақырылған. Кейін шығармашылық еңбегін балалар журналистикасымен сабақтастырған.

Нұрғали Нүсіпжановтың жұбайы – Жадыра Сейдеш

Жадыра Сейдеш – журналист, тележүргізуші. Көпшілікке КТК телеарнасындағы "Жүрекжарды" авторлық бағдарламасы арқылы танылған. Ұлттық арнада, Қазақ радиосында және КТК телеарнасында қызмет еткен. 2015 жылы "Жүрекжарды" бағдарламасы үшін "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты атанған.

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш 2019 жылы шаңырақ көтерген. Оған дейін Жадыра өнер иесінен сұхбат алған: 2014 жылы әнші "Жүрекжарды" бағдарламасында балалық шағы мен шығармашылық жолы туралы әңгімелеген. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазған⁠.

Бұған дейін ерлі-зайыптылар подкаст түсіруді де қолға алған. Нұрғали Нүсіпжанов қысқа сұхбаттардан тұратын осы жобаны жұбайына өзі ұсынғанын айтқан. Бұл бастама туралы Malim.kz материалынан оқуға болады⁠.

Нұрғали Нүсіпжанов кім?

Нұрғали Нүсіпжанов — Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі. Ол 1937 жылғы 5 қаңтарда қазіргі Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Доланалы ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы консерваторияда білім алған.

Әнші Абай атындағы опера және балет театрында, Қазақ телевизиясы мен радиосында еңбек еткен. 1976 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің жетекші әншісі болып қабылданған.

Оның орындауындағы "Саржайлау", "Ақ құсым", "Жетісуым", "Қаздар қайтқанда" секілді әндер халық арасына кең тараған. Шығармашылығында композитор Нұрғиса Тілендиевтің туындылары айрықша орын алады. Өнер иесі сахнадағы қызметімен қатар ұстаздық етіп, жас әншілерді тәрбиелеуге де үлес қосқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу