Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыс "Парыз–2026" өңірлік байқауында "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" аталымы бойынша жеңімпаз атанды

MALIMet •
Қазақмыс "Парыз–2026" өңірлік байқауында "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" аталымы бойынша жеңімпаз атанды

13 қарашада Жезқазғанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және еңбек адамдарының кәсіби жетістігін дәріптеуге бағытталған "Парыз–2026" және "Еңбек жолы" байқауларының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында "Қазақмыс" Тобының кәсіпорындары мен корпорация қызметкерлері болды, деп хабарлайды Malim.kz.


Қазақмыс ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында өткен "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" аталымындағы ең басты марапатты жеңіп алды.

Салтанатты рәсім барысында корпорацияның Ұлытау облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Әсіресе, 2025 жылы Жезқазған қаласында ашылған "Жігер" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне ерекше назар аударылды. Аталған нысан өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік әлеуметтік жоба деп танылды.

Сонымен қатар Қазақмыстың Кенгір су қоймасының жағалауын қайта жаңғырту, "Жастар" саябағын абаттандыру, Ұлытау университетінің инфрақұрылымын дамыту және "Намыс" спорт академиясын салу сияқты қазіргі таңда жүзеге асырып жатқан бастамалары ерекше назарға алынды.

Бұдан бөлек, байқау қорытындысы бойынша "Қазақмыс" Тобының кәсіпорындары мен корпорация қызметкерлері марапатқа ие болды.

"Парыз–2026" байқауы:

• "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында "Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын" аталымы бойынша жеңімпаз;

• "Kazakhmys Maintenance Services" ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында "Үздік ұжымдық шарт" аталымы бойынша жеңімпаз;

• "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС – "Үздік ұжымдық шарт" аталымы бойынша алғыс хат;

• "Kazakhmys Smelting" ЖШС – "Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын" аталымы бойынша алғыс хат;

• "Адал Еңбек" ЖШС – "Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын" және "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымдары бойынша алғыс хат.

"Еңбек жолы" байқауы:

• Жанқоразовтар еңбек әулеті (Сәтбаев қаласы) – "Үздік еңбек әулеті" аталымы бойынша бірінші орын. Үш буыннан тұратын әулеттің 13 өкілінің жалпы еңбек өтілі – 366 жыл;

• Дәурен Тілекен, "Жыланды" кеніші "Қарашошақ" шахтасы учаске басшысының орынбасары – "Өндірістің үздік жас маманы" аталымы бойынша бірінші орын;

• Серік Кеңесов, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалының Өңірлік бірыңғай қойма шаруашылығы № 2 базасының тиегіш машинасының жүргізушісі – "Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері" аталымы бойынша Ұлытау облысы әкімінің алғыс хаты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу